Құрметті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының арнайы сайтын пайдаланушылар!
Менің жеке блогыма қош келдіңіздер!
Бұл блог Сіздерге қатысты проблемалар мен мәселелер бойынша маған тікелей ұсыныс беруге мүмкіндік туғызу үшін құрылды. Ол сот жүйесіндегі ашықтық пен жариялылық принциптері негізінде әрекет етеді. Бұл, әрине өзара тиімді сұхбат құруға мүмкіндік туғызатынына ерекше үміт артамын. Сондықтан да, біздер соттарда болған жағдайлар туралы өз уақытында хабардар болсақ, соған лайықты жедел түрде әрекет етуге қол жеткізер едік.
Сіздерге «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 1 бабына сәйкес, сот өндірісі тәртібімен қаралуға жататын өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе басқа органдардың бақылауға алуына ешқандай мүмкіндік берілмейтінін, соның ішінде менің өзіме де рұқсат етілмейтінін түсіндіремін. Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін, тек соттар ғана жүзеге асырады.
Сондықтан, Сіздер сот төрелігін жүзеге асырудағы неғұрлым маңызды деген азаматтардың бостандығы мен құқықтарының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, сондай-ақ судьялардың құқықтық өлшемге сай емес іс-әрекеттері жөніндегі мәселелер бойынша пікір білдіріңіздер.
Мұндай өзара әрекет ету, азаматтардың бұзылған құқықтарын тиімді қорғауға септігін тигізіп, оны тездетіп қалпына келтіреді деп сенім білдіремін.
Құрметпен, Бектас Бекназаров











