prdesedatel

        Бектас Әбдіханұлы Бекназаров 1956 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облысының Жуалы ауданында дүниеге келді. 1983 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты, бірінші дәрежелі судья атағы бар.
 
         Судьялық стажы 26 жылдан асады. Сот жүйесіндегі өзінің еңбек жолын 1978 жылы Жамбыл қаласындағы Орталық ауданының халықтық сотында сот орындаушысы лауазымынан бастады. 1981 жылы Жамбыл облысының әділет бөліміндегі консультант лауазымына ауыстырылып, одан соң аға консультант болды. 1984 жылы Жамбыл облысы Жуалы аудандық халықтық сотының судьясы, ал 1990 жылы қаңтардан бастап Жамбыл облыстық сотының мүшесі болып сайланды.

Толығымен

Биография

         1994 жылы ақпан айында Бектас Әбдіханұлы Жамбыл облыстық соты төрағасының орынбасары, ал 1995 жылы осы облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болды. 1997 жылдың наурызында Жезқазған облыстық сотын басқарды, сол жылы Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы болып тағайындалды. Бектас Бекназаров 2000 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Соттардың қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына судья болып сайланды.
 
         2002 жылдан 2006 жылға дейін Бектас Әбдіханұлы Атырау облыстық сотының төрағасы болды. 2006 жылдан 2009 жылдары аралығында Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық соттың, ал 2009 жылдан 2011 жылдары Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болды.
 
         Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының №866 қаулысымен 2011 жылдың 15 сәуірінен бастап Бектас Әбдіханұлы Бекназаров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы болып сайланды.
 
         Бектас Бекназаров – тәжіріибесі мол, ұйымдастыру қабілеті жоғары, іскер маман, білікті, танымал заңгер. Сот төрелігі жүйесіндегі ұзақ жылғы және ыждаһатты еңбегі мемлекеттік награда және құрмет грамоталарымен бағаланған. «Қазақстан Конституциясына он жыл», «Астананың он жылдығы» медальдарымен, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері», «Үш би» құрмет белгісімен, сондай-ақ «Қайырымдылық үшін «САУАП»» медалімен марапатталған.
 
© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы