Қаңтар
21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті өкілдері БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдері Мәдина Бакиевамен, Қазақстандағы БҰҰДБ тиімді басқару және аумақтық дамыту департаментінің бағдарламаларды үйлестірушісі, Жоба менеджері Әлия Дугановамен кездесті.
Кездесудің мақсаты – «2009-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпарат пен сот әділдігінің ашықтылығы мен қолжетімділігі» атты бірлескен жобаның қызметін бағалау.
Кездесу барысында тараптар төмендегі екі бағыт бойынша 2015 жылға дейін жобаның жұмысын ұзарту мүмкіндігін талқылады.
1. Қазақстан Республикасында медиация институтын ендіру.
2. Қазақстан Республикасында сот мониторингі жүйесін жетілдіру.
26 қаңтарда АстанадаОрталық Азияда босқындарды қорғау және халықаралық көші-қон мәселелеріне байланысты –Өңірлік Конференцияға дайындық бойынша Кеңесу кездесуі өтті, осы жұмысқа Жоғарғы Соттың судьясы Т.А. Қожан қатысты.
КездесудіҚазақстан Республикасындағы босқындар ісі жөніндегі БҰҰ Жоғарғы Комиссар басқармасының (БҰҰ ЖКБ) өкілдігі ұйымдастырды
Ақпан
1 ақпанда Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы, Жоғарғы Сот судьясы В.М. Борисов «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағы жобасының өкілдері Морган Томас Браинмен және Рахиля Ахмадқызы Нұрбаевамен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағы жобасының ағымдағы мәселелері мен келешектегі мүмкіндіктерін талқылау.
7-8 ақпанда Женевада (Швейцар Конфедерациясы) Жоғарғы Соттың судьясы Б.А. Жақыпов БҰҰ Еуропа Экономикалық комиссиясы ұйымдастырған Сот әділдігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі Орхусск конвенциясының мақсатты тобының төртінші отырысы жұмысына қатысты.
Отырыс барысында мақсатты топтың мүшелері сот әділдігіне қолжетімділік, оның ішінде әлеуеттің жинақталуы, заңды деректер қоры және сот әділдігінің қолжетімділігіне тосқауылдар болып табылатын шығыстарды талдамалы зерттеу мен қорғау құралдарына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.
11 ақпанда Жоғарғы Сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың төрағасы Ұ.А. Сүлейменова «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағының жобасын жүзеге асырушылармен және бенефициарларымен, бұдан арғы ынтымақтастықты талқылау мақсатында жобаның жетекшісі Иван Панеффпен және кеңесшілері Ж. Ержігітовамен және И. Кузнецовамен кездесті.
11 ақпанда Астанада, 16 ақпанда Шымкентте және 23 наурызда ақпанда Атырауда «Орталық Азияның сот жүйесін дамытуға ықпал ету» ЮСАИД/Кемоникс Жобасының аясында халықаралық коммерциялық төреліктің сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша аймақтық семинарлар өткізілді (2010 жылғы қарашада Ассера институтына оқу курсына Гаага барған қазақстандық сот делегациясының қорытындысы бойынша).
16-17 ақпанда Ашхабадта (Түрікменстан) Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры өкілдігінің (ЮНИСЕФ) шақыруы бойынша Астана қаласының кәмелетке толмағандармен істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Г.А. Әбдіғалиева Балалар құқығын қорғау жөніндегі Үшінші Форумға дайындық кездесуінің жұмысына қатысып қайтты.
17-ақпанда Астанада Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Айтқұлова ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырған ЕурАзЭҚ Сотының мәртебесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасын талқылау бойынша бейнеконференция түріндегі ЕурАзЭҚ-қа қатысушы мемлекеттер сарапшыларының кездесуіне қатысты.
18-ақпанда Астанада Сыртқы істер министрлігінде 2010-2015 жылдарда (ЮНДАФ) дамыту мақсатында көмек көрсету жөніндегі БҰҰ негіздемелік бағдарламасының 2010 жылғы нәтижелерін бағалау мен мониторингі бойынша жылсайынғы отырысы болды.
Отырысжұмысына Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
22 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестік жөніндегі шартты ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды. Бұл жұмысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
24 ақпанда Астанада Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні Қазақстан Республикасының қолдануына байланысты ҮЕҰ баламалы баяндамасын ұсыну бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жұмысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
Дөңгелек үстел Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен серіктестесіп, Адам құқығын қорғау мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюромен және Қазақстан мен Қырғызстандағы Ұлыбритания Елшілігінің қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
24 ақпанда Астанада БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, ҚР Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкілі «Мемлекеттік мемекемелерде балалар құқығын қамтамасыз ету: зерттеу нәтижелері» тақырыбында жұмыс кеңесін ұйымдастырды. Бұл жұмысқа Жоғарғы Соттың судьялары Г.Б. Ақ-қуова және Д.Д. Нұралин қатысты.
Кеңес аясында қатысушылар мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға қатысты зорлық- зомбылыққа байланысты жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысты және зерттеуде көрсетілген мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
25 ақпанда Астанада Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығымен ынтымақтаса отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Судьялар одағы, «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағының жобасы, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы ұйымдастырған «Сот билігінің тәуелсіздігі: халықаралық тәжірибе» атты халықаралық конференция болып өтті.
Конференцияның жұмысына Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің және Конституциялық Кеңесінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Әділет министрлігінің өкілдері, адвакатура, академиялық және дипломатиялық қауым, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ конференцияға Литва, Польша және Украинадан келген қонақтар қатысты.
Форумның қатысушыларымен Қазақстанның сот жүйесін дамытудың, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Президентімен белгіленген міндеттерді іске асыру тұрғысынан халықаралық стандарттарды қабылдаудың өзекті мәселелері талқыланды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
28 ақпан және 2 наурыз аралығында Алматы қаласында Жоғарғы Сот «Орталық Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау» жобасының аясында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп Жоғарғы және жергілікті соттардың 30 судьясы үшін «Азаматтық істер бойынша сотқа дейінгі дайындық және сот талқылауы. Сот шешімдерінің сапасын оңтайландыру мәселелері» атты халықаралық өңірлік семинар ұйымдастырды.
Жоғарғы Соттан семинар жұмысына судьялар Ұ.А. Сүлейменова және Л.Г. Полторабатько қатысты.
28 ақпан және 3 наурыз аралығында Триесте (Италия) «Судьялар мен прокурорлардың тәуелсіздігі, келешегі мен проблемалары» тақырыбында Орталық Азияның мемлекеттік қызметшілері үшін оқыту семинары өтті, бұл жұмысқа Алматы облысының судьясы Л.В. Кайсиди қатысып қайтты.
Семинарды «Еуропа Одағы мен Орталық Азияның құқықтық бастамаларын реттеу» бағдарламасы аясында Еуропа Кеңесінің Венеция комиссиясы ұйымдастырды.
Наурыз
2 наурызда Астана қаласында Еуропа Одағының жобасы сот жүйесінің мәселелері бойынша халықаралық донорлар және әріптес ұйымдардың қызметін үйлестіруге байланысты, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі, адвокатура және медиация мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге Жоғарғы Соттың судьялары В.М. Борисов пен Ұ.А. Сүлейменова, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов және Халықаралық-құқық секторының меңгерушісі С.И. Жұмабаев қатысты.
3 наурызда Астана қаласында Жоғарғы Сотта ЕО Жобасының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Оның жұмысында Жоғарғы Сот, Судьялар Одағы, Еуропалық комиссия және ҚР ЕК Жобасының командасы, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Халықаралық байланыс және ынтымақтастық Институтының өкілдері қатысты.
3 наурызда Алматыда және 11 наурызда Ақтөбеде «Орталық Азияның сот жүйесін дамытуға ықпал ету» ЮСАИД/Кемоникс Жобасының аясында халықаралық коммерциялық төреліктің сот шешімдерін орындау мәселелері бойынша аймақтық семинарлар өткізілді (2010 жылғы қарашада Ассера институтына оқу курсына Гаага барған қазақстандық сот делегациясының қорытындысы бойынша).
10 наурызда АстанадаМинск қаласында (Беларусь Республикасы) 2011 жылғы 15 наурызда өтетін Кеңес одағына мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының кездесуіне, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының 25-ші отырысына (2011 жылғы 14 наурыз) дайындық мақсатында мемлекеттік органдар сарапшыларының кеңесі болды.
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі ұйымдастырған кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Айтқұлова қатысты.
11 наурызда ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Әлімбеков Мұсабек ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауларын бақылау жөніндегі Елші және Бас миссиясы Даан Евертспен кездесті.
Кездесудің мақсаты– Қазақстан Республикасында президент сайлауына байланысты барлық мәселелерге қатысты мониторинг жүргізу, ЕҚЫҰ міндеттемелеріне сәйкес сайлау процесін өткізудің келешегін анықтау және сайлау алдындағы ахуалды бағалау.
11 наурызда Жоғарғы Сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов сот реформасы саласындағы Еуропа Одағы жаңа бағдарламасының бағыттарын біріздендіру мақсатында «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағы жобасының жүзеге асырушыларымен және бенефициарларымен: ҚР ЕО Делегацияның техникалық жәрдем көрсету бөлімінің басшысы Мали Ренемен, ЕО жобасының сарапшысы Марк Сегалмен, ҚР ЕО Өкілдігі жобаларының менеджері Гүлнара Жүсіповамен, ҚР ЕО жобасының жетекшісі Иван Панеффен және кеңесшілер Ж. Ержігітовамен және И. Кузнецовамен кездесті.
15 наурызда Жоғарғы Сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов Еуропа Одағы жобасының ағымдағы мәселелерін және келешектегі мүмкіндіктерін талқылау мақсатында Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағы жобасының жүзеге асырушыларымен және бенефициарларымен: жобаның жетекшісі Иван Панеффен, негізгі сарапшысы Фритц Дигмайермен және кеңесші Ж. Ержігітовамен кездесті.
15 наурызда Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов «Қазақстандағы ақпарат пен сот әділдігінің ашықтылығы мен қолжетімділігі» бірлескен жобасының ағымдағы жүзеге асырылу мәселелерін талқылау мақсатында БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) өкілдерімен кездесті.
17 наурызда Жоғарғы Соттың судьясы М.А. Балтабай ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сайлауларын бақылау жөніндегі миссия өкілдерімен, құқықтық саясаткер Джой Моримен және құқықтық талдаушының бас ассистенті Ирина Могенсенмен кездесті.
Кездесу барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссиясы қызметінің мәселелері, сайлау процесіндегі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының рөлі талқыланды.
24 наурызда Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған жыл сайынғы қазақстан-американ саяси кеңестерін екінші отырысының жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Айтқұлова қатысты.
25 наурызда Астанада жыл сайынғы қазақстан-американ саяси кеңестердің екінші отырысын өткізу аясында ҚР СІМ азаматтық қоғамның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осы жұмысқа Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев қатысты.
28 наурызда Астанада ҚР СІМ-де Адам құқықтары жөніндегі халықаралық гуманитарлық құқық және халықаралық шарттар туралы ведомствоаралық комиссияның 11-отырысы болды, осы отырысқа Жоғарғы Соттың судьясы Т.А. Қожан қатысты.
30 наурызда Жоғарғы Соттың Төрағасы М.Т. Әлімбеков өткізіліп жатқан сайлау науқанын талқылау мақсатында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауда ТМД-дан Бақылаушылар миссиясы Штабының басшысы Евгений Слободамен кездесті.
Сәуір
1 сәуірде Астанада Әділет министрлігімен бірлесіп, Еуропа Одағы Жобасы ұйымдастырған «Адвокатура. Оқыту қажеттілігін талдау» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
4-8 сәуірде Астанада ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А. Қасымов және Жоғарғы Соттың судьясы, ҚР Судьялар Одағының төрағасы В.М. Борисов алқабилер соты бойынша практикалықбасшылықты бағалау мен әзірлеу мақсатында «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропа Одағы Жобасының өкілдерімен кездесті.
6-7 сәуірде Астанада Бірыңғай ақпараттық кеңістіктің БАК бейнеконференциясы - ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша ҚР өзара бағалаудың бірінші есебі талқыланды. Осы жұмысқа Жоғарғы Соттың судьясы қатысты.
БАКбейнеконференциясын ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті ұйымдастырды.
6 және 7 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының базасында «Орталық Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау» жобасының аясында халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германдық қоғамымен (GIZ) Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары үшін «Әкімшілік рәсімдер: шетел тәжірибесі және Қазақстан Республикасындағы заңнамалық реттеуді жетілдіру жолдары» Әкімшілік құқық мектебі ұйымдастырылған болатын.
Іс-шараға министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар мен шетел сарапшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Мектепті өткізу шеңберінде қатысушылар шетел тәжірибесін ескере отырып, әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының қазіргі жай-күйін талқылады, сондай-ақ оны реформалаудың келешегі бойынша ұсыныстар әзірледі.
7 сәуірде Қарағандыда және 28 сәуірде Павлодарда халықаралық коммерциялық төрелік соттың шешімдерін орындау мәселелері бойынша өңірлік семинарлар болды (2010 жылғы қарашада Ассера институтына оқу курсына Гаага барған қазақстандық сот делегациясының қорытындысы бойынша).
12 сәуірде Астанада Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.А. Сүлейменова «Қазақстан Республикасындағы алқабилер соты» тақырыбындағы бейне-дәрісті талқылау үшін «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау»ЕуропаОдағыЖобасының өкілдерімен кездесті.
13 сәуірде Астана қаласында ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесіп ЕО Жобасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында алқабилердің қатысуымен сот ісін жүргізу: жағдайы, мәселелері және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл шараның жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьялары және шақырылған халықаралық сарапшылар: Франция Жоғарғы Сотының Прокурорының орынбасары Луи Ди Гардиа және адвокат, Париж қаласы Адвокаттар алқасының адам құқықтары жөніндегі бөлімінің басшысы Наташа Фово қатысты.
13-15 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының қызметімен танысу мақсатында Алматыға Ресей Федерациясының Жоғарғы Төрелік сотының делегациясы ресми сапармен келді.
14 сәуірде Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінде Әділет министрлігі Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (АСҚХП) орындау туралы баяндамасын Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінде қорғау мәселелері, АСҚХП бойынша ҚР азаматтық және саяси құқықтарды іске асыру және Әмбебап мерзімдік шолу (ӘМШ) ұсыныстары бойынша қазақстандық делегация мүшелерінің бірінші отырысын ұйымдастырды.
Дөңгелеу үстел жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы – делегация мүшесі Ж.Н. Бәйішев қатысты.
14-15 сәуірде Ялтада (Украина) ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясының отырысы және ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 53-отырысы өтті. Осы жұмысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Айтқұлова қатысты.
19 сәуірде Астанада Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Н.Л. Айтқұлова Парламент Мәжілісінің Қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған «Кеден одағы және олардың сот өндірісінің ерекшеліктері аясындағы даулар бойынша шаруашылық етуші субъектілердің ЕурАзЭҚ Сотына жүгінуі жөніндегі Шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына байланысты жұмыс тобының отырысына қатысты.
26 сәуірде Жоғарғы Сотта Жоғарғы Сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық әзірлеу мен талдау бөлімінің меңгерушісі Е.Б. Әбдірасулов «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» атты Еуропа Одағы жобасының өкілдері: жобаның жетекшісі Иван Панеффен, жобаның сарапшысы, Париждегі Апелляциялық Сотының ювеналды әділет жөніндегі мамандандырылған Бас прокурордың бірінші орынбасары Элизабет Каттпен және негізгі сарапшы Фритц Дигмайермен кездесті.
Кездесудің мақсаты – ЕО жобасының ағымдағы мәселелерін және келешектегі мүмкіндіктерін талқылау.
26 сәуірде Астанада Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.А. Сүлейменова және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық әзірлеу мен талдау бөлімінің меңгерушісі Е.Б. Әбдірасулов Сот тәуелсіздігі туралы Жобаның іске асырылу келешегін талқылау мақсатында ЮСАИД өкілі Мелани Пайсермен кездесті.
27 сәуірде Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А. Қасымов, Жоғарғы Сот судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов, Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.А. Сүлейменова және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов Түрік Республикасы Әділет академиясының делегациясы: Академияның жетекшісі, Түрік Республикасы Жоғарғы Сотының мүшесі Хусейн Иылдырыммен, Жоғарғы Соттың мүшесі (Әділет академиясының экс-орынбасары) Сами Сезай Оралмен, Академияның оқу бөлімінің директоры, судья Айше Неше Гүлмен, Академияның халықаралық бөлімінің үйлестірушісі, судья Рамазан Чайлымен кездесті.
Түркияның Әділет академиясының делегациясы Астанаға танысу сапарының аясында Жоғарғы Сотты аралады.
28 сәуірде Астанада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Сыртқы істер министрлігі өткізген «Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (АСҚХП) орындау туралы баяндамасын Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінде қорғау мәселелері, АСҚХП бойынша ҚР-да азаматтық және саяси құқықтарды іске асыру және Әмбебап мерзімдік шолу (ӘМШ) ұсыныстары» бойынша дөңгелек үстелдің жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев қатысты.
28-29 сәуірде Астанадағы Жоғарғы Сотта Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен (GIZ) бірлесіп «Сот актілерін қайта қарау бойынша Жоғарғы соттың өкілеттігі. Халықаралық тәжірибе» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осының аясында Германияның Жоғарғы Федеральды Сотының сарапшылары және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы (GIZ) Жобасының өкілдерінің Азаматтық іс жүргізу кодексіне түсіндірменің екінші бөлігін жазу, сондай-ақ тексеру өндірісінің тәжірибесін зерттеу (ГФР Жоғарғы Сотта азаматтық істерді қарау мәселелері) жөніндегі ҚР Жоғарғы Сотының жұмыс тобымен кездесуі (консультациялар) болды.
Мамыр
6 мамырда Астанада Қазақстанның Әділет министрлігі Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні (АСҚХП) орындау туралы баяндамасын Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінде қорғау мәселелері, АСҚХП бойынша ҚР-да азаматтық және саяси құқықтарды іске асыру және Әмбебап мерзімдік шолу (ӘМШ) ұсыныстары бойынша қазақстандық делегация мүшелерінің екінші отырысын ұйымдастырды.
Отырыс жұмысына Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
9-13 мамырда Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) ықпал етуімен және 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған еңбек даулары бойынша соттар және әлеуметтік істер бойынша соттармен танысу мақсатында облыстық соттардың судьялар делегациясы (6 адам) Бременге (ГФР) танысу сапармен барып қайтты.
Бағдарламаның барысында қазақстандық судьялар Еңбек даулары бойынша жер сотына және бірінші сатыдағы еңбек істері сотына, Әлеуметтік істер бойынша жер сотына барып қайтты. Делегация мүшелері сот процестеріне қатысты, кәсіподаққа барды және еңбек істері бойынша қорғаушы-маманмен кездесті.
10 мамырда Астана қаласында Жоғарғы Соттың Судьялар Одағымен және Еуропалық Қауымдастық Комиссиясының «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Жобасымен бірлесіп, Халықаралық судьялар қауымдастығыны өкілдерінің, АҚШ-тың Екінші округі Апелляциялық сотының федералдық судьясы Питер Холлдың қатысуымен «Сот жүйесінің тәуелсіздігі (халықаралық тәжірибе)» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.
11 мамырда ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Б. Бекназаров Халықаралық судьялар қауымдастығының өкілі, АҚШ-тың Екінші округі Апелляциялық сотының федералдық судьясы Питер Холлмен кездесуі өтті. Бұл кездесу оның қазақстанға ресми сапарының аясында ұйымдастырылды.
Осы кездесуге Конституциялық Кеңестің төрағасы И.И. Рогов, Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы О.И. Жұмабеков және Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов қатысты.
Қазақстан Республикасына Питер Холлдың сапарының басты мақсаты Қазақстанның судьялар қауымдастығы туралы есепті дайындау болып табылады. Осының негізінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында Стамбулда (Түркия) 54-ші жылсайынғы ХСҚ отырысында толыққанды мүше ретінде ХСҚ-ға енуіне байланысты Қазақстан Республикасы Судьялар одағының өтініштеріне қатысты дауыс беру жүргізілетін болады.
11-12 мамырда Мәскеуде (Ресей Федерациясы) ЕурАзЭҚ Сотын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің отырысы болды. Бұл жұмысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
12-19 мамырда Павлодар облыстық сотының төрағасы, Халықаралық заңгерлер одағының мүшесі Ә.Б. Қаженов Халықаралық заңгерлер одағы және жеке құқықты біріздендіру жөніндегі халықаралық институт ұйымдастырған жеке құқықты біріздендіру мәселелері бойынша Италия Республикасындағы семинар мен кездесулерге қатысты.
16-20 мамырда Ақтөбеде Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамы (GIZ) «Орталық Азия елдерінде құқықтық және сот реформасын қолдау» жобасының аясында Жоғарғы және республиканың жергілікті соттарының 49 судьясы үшін салық және кеден заңнамасы бойынша семинар ұйымдастырылды.
Жоғарғы Соттан семинар жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Г.А. Мақажанова, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ұ.А. Сүлейменова және А.А. Шәйкенова қатысты.
Сонымен қатар семинарда шетел сарапшылары, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің, Салық комитетінің, Бухгалтерлер одағының, «Атамекен» кәсіпкерлер одағының өкілдері, салықтық құқық ҒЗИ ғалымдары қатысты.
16-21 мамырда Анкара мен Стамбулда қазақстандық делегация құрамындағы Жоғарғы Соттың судьясы Ә.Ж. Құрықбаев судьялар, прокурорлар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған ҚР Бас прокуратура жанындағы Заңнама институтымен бірлесіп, Түркияның Әділет академиясы ұйымдастырған Түркияның Әділет академиясында біліктілігін арттыру даярлығынан өтті.
17 мамырда Астанада Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігі Елшілігінің өкілдерімен кездесті.
19 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ЕурАзЭҚ Соттарды қалыптастыру мәселелері бойынша үкімет басшыларының деңгейіндегі ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 30-отырысы болды. Бұл жұмысқа Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
19-20 мамырда Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтының базасында ЮСАИД/Кемоникс «Орталық Азиядағы сот жүйесін дамытуға көмек көрсету» жобасының аясында «Шығынның орнын толтыру, оның ішінде сақтандыру, факторинг, франчайзинг шарттарынан туындайтын өзекті мәселелер» шарттық құқық мәселелері бойынша экономикалық және аудандық соттардың 30 судьялары үшін екі күндік семинар ұйымдастырылды.
20 мамырда Астанада Еуропалық Қауымдастық Комиссиясының «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Жобасымен ынтымақтастық аясында «Қамауға алуға санкцияны қолданудың ең озық практикалық әдісі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оның барысында еуропалық үздік тәжірибе бойынша Францияның халықаралық байланыстарды нығайту және оны қолдау үшін жауапты халықаралық сарапшы, судья Алайн Гаудино мырзаның таныстыруы болып өтті.
Дөңгелек үстелдің жұмысына судьялар қауымдастығы, прокуратура органдары, адвокатураның өкілдері, көрнекті заңгер ғалымдар, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар Франция және Қазақстан соттарымен санкциялау жүйелерін, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын талқылады. Дөңгелек үстелдің жұмысының аяқталуына орай қатысушылар Қазақстанда қамауға алуға санкция қолданудың тәжірибесін жақсартуға байланысты ұсыныстар әзірледі.
23 мамырда Жоғарғы Сотта Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов, Жоғарғы Соттың судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ұ.А. Сүлейменова, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов USAID жобасының өкілдері: Келли Стрикландмен, сот білімі саласындағы USAID демократиясын дамыту кеңесінің директоры Бенджамин Чапманмен, Астанадағы USAID өкілі Ирина Митрофановамен, сот білімі саласындағы USAID бағдарламасының үйлестірушісі, USAID өкілдігі жобасының ассистенті Эльвира Закировамен кездесуі өтті.
Кездесудің мақсаты: коммерциялық құқық саласындағы ағымдағы бағдарламалардың қорытындысын жасау, сондай-ақ Жоғарғы Сотпен бірлесіп, USAID-тің қаржыландыруы арқылы 2011 жылғы қазанда өз жұмысын бастайтын сот жүйесінің тәуелсіздігі туралы жаңа жоба шеңберіндегі бұдан арғы ынтымақтастықты талқылау.
24 мамырда Жоғарғы Соттың төрағасы Б.А. Бекназаров жәнеЖоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов БҰҰДБ өкілдері: Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Стивен Туллмен, Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паникловамен, Тиімді басқару және аумақтық дамыту департаментінің бағдарламаларды үйлестірушісі Мәдина Бакиевамен, Тұрақты өкілдің атқарушы ассистенті Әсел Сатыбалдинамен кездесті.
Кездесудің мақсаты – жеке танысу және сот әділдігі саласындағы қарым-қатынастарды дамыту.
24 мамырда Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А. Қасымов, Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов Қытай құқықтық қауымдастығының өкілдерінің Астанадағы сапарында кездесу өткізді.
24-25 мамырда «Қазақстан Республикасында сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропа Одағының Жобасы «Этикалық стандарттар. Қылмыс іс процесіндегі әділ сот» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Бұл семинарға Астана қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотының судьясы А.С. Исаева қатысты.
26-27 мамырда Минск қаласында (Беларусь Республикасы) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының Пленумының кезекті отырысы өтті. Бұл отырысқа Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А. Қасымов және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
27 мамырда Астанада Адам құқығы жөніндегі ұлттық орталық, ҚР Адам құқығы жөніндегі уәкіл және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Қазақстанның ең қауқарсыз балалары үшін қорғану ортасын құру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл ретте «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік интернат мекемелеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық: ахуалды бағалау» тақырыбында жүргізілген зерттеу нәтижесі туралы есеп баршаға ұсынылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Ж. Алпысбаева қатысты.
30-31 мамырда Ашхабадта Орталық Азияда кәмелетке толмағандардың істері бойынша сот әділдігінің жүйесін ендіру мен қайта қалыптастыруға арналған Орталық Азиядағы бала құқығын қорғау туралы ІІІ Форум өтті.
Форум жұмысына үкіметтік қазақстандық делегация құрамындағы Жоғарғы Соттың судьясы Д.Д. Нұралин және Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Г.А. Әбдіғалиева қатысты.
31 мамырда Өскеменде халықаралық коммерциялық төрелік соттың шешімдерін орындау мәселелері бойынша өңірлік семинар болды (2010 жылғы қарашада Ассера институтына оқу курсына Гаагаға барған қазақстандық сот делегациясының қорытындысы бойынша).
Маусым
2-3 маусымда Қарағанды қаласында ЮСАИД/Кемоникстің «Орталық Азияда сот жүйесін дамытуға арналған көмек» жобасының ұйымдастыруы шеңберінде «Шетел субъектілерінің қатысуымен тасымалдау және көліктік экспедиция шарттарының өзекті мәселелері. Халықаралық процесс» тақырыбында коммерциялық құқық мәселелері жөнінде облыстық және оған теңестірілген соттар мен мамандандырылған ауданаралаық экономикалық соттардың 23 судьясына арналған екі күндік өңірлік семинар өтті.
Семинардың жұмысына сарапшы ретінде Жоғарғы Соттың судьялары Ұ.А. Сүлейменова және Р.Н. Мамаырбаев, Ресей Федерациясының Батыс-Сібір аймағы Федералды Төрелік Сотының судьясы, з.ғ.д., профессор, ЮСАИД/Кемоникс жобасының сарапшысы Т.И. Отческая, Париж қаласы адвокаттар алқасының мүшесі, көліктік және сақтандыру құқығының бас сарапшысы, ЮСАИД/Кемоникс жобасының сарапшысы Моник Сильвия Стенжель және де мемлекеттік органдар және шаруашылық етуші субъектілердің өкілдері қатысты.
7 маусымда Астана қаласында Адамдарды заңсыз кіргізуге, шығаруға және сатуға қарсы күрес мәселелері жөнінде ведомствааралық комиссиясының 21 отырысы өтті, оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы, ВАК мүшесі Т.Ә. Қожан қатысты.
7 маусымда Алматы қаласында USAID қызмет көрсететін адвокаттар мен заңгерлерге арнап «Қазақстан Республикасындағы Халықаралық коммерциялық төрелік және аралық сот. Заңнама және қолдану практикасы» атты семинарды ұйымдастырды. Оның жұмысына Алматы қалалық сотының судьясы Г.С. Әйтімова және Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.А. Әбілова қатысты.
7-8 маусымда Вильнюс қаласында (Литва) ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі ұйымдастырған ЕҚЫҰ өңірінде журналистердің қауіпсіздігі жөніндегі кеңес өтті. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев және Жоғарғы Соттың судьясы, ҚР Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов қатысты.
Жиынның мақсаты – журналистерге қатысты қуғын, зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесу, айыптау және тұрақты тергеу, БАҚ бостандығын шектеудің диффамация және жала жабу үшін қудалау, қандай да бір тақырыптарға тыйым салу сияқты институционалдық нысандары мәселелерін талқылау (мысалы, кейбір оқиғаларға немесе тұлғаларға қатысты ақпаратты жариялауға тыйым салу – немесе журналистерді анық қолдан жасалған айыптары үшін жауапкершілікке тартылу).
7-8 маусымда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық қауымдастық Сотын құру жөніндегі жұмыс тобының ІІ отырысы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі, Жұмыс тобының мүшесі Д.М. Мырзаханов қатысты.
9-10 маусым Астана қаласында «Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауарлар атауына сәйкес тауарлар жіктеудің өзекті мәселелері. 2012 жылғы тауар сипаттамасының және оларды код үндестірілген жүйесі. Интегралды кеден тарифі. Халықаралық келісімдер шеңберінде тарифтік преференцияларды ұсыну» атты семинар өтті. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы А.И. Кравченко қатысты.
Семинарды ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті және Сауданы ырықтандыру және кедендік реформа жөніндегі USAID өңірлік жобасы ұйымдастырды.
10 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасы Судьялар одағы бірлесіп, «Қазақстан Республикасындағы сот және құқықтық реформаны қолдау» Еуропа қауымдастығы комиссиясының шеңберінде «Сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді. Оның жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың судьялары, Парламент депутаттары, халықаралық сарапшылар және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуметтік ұйымдар мен бизнес құрылымдардың (халықаралық рейтингтегі әлеуетті респонденттер) өкілдері қатысты.
10 маусымда Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) «Орталық Азия елдеріндегі коммерциялық құқыққа қатысты сот жүйесінің әлеуетін дамыту» атты халықаралық конференция өтті. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ұ.А. Сүлейменова және Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.С. Қожаханова қатысты.
Конференцияны ұйымдастырушы – Еуропалық қайта құру және және даму банкінің (ЕҚДБ) Душанбе қаласындағы өңірлік кеңсесі.
14 маусымда Астана қаласында Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіні орындау бойынша Қазақстанның баяндамасы қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан делегациясы мүшелерінің кезекті отырысы өтті.
Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев қатысты.
17 маусымда Алматы қаласында халықаралық коммерциялық арбитраж шешімдерін орындау мәселелері жөніндегі өңірлік семинар (2010 жылғы қарашада Қазақстан делегациясының Гаага қаласындағы Ассер Институтындағы сапардың қорытындылары бойынша) өтті.
20-24 маусымда Астана қаласында Еуропалық комиссия жобасы Қазақстан Республикасы Судьялар одағымен бірлесіп «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттарды қолдау» атты оқу семинары өткізді.
20-21 маусымда Вена қаласында (Австрия Республикасы) адам саудасына қарсы «Еңбек тасымалын жою: лайықты жұмыс және әлеуметтік әділеттілік» атты ЕҚЫҰ Альянсының 11-конференциясы өтті. Оның жұмысына Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінің шақыруымен Жоғарғы Соттың судьясы Т.Ә. Қожан қатысты.
22 маусымда Астана қаласында ҚР Үкіметінде Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру және Кеден одағы комиссиясының іс-әрекеті мәселелері жөнінде бейнеконференция өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі, Жұмыс тобының мүшесі Д.М. Мырзаханов қатысты.
23 маусымда Астана қаласында адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және ҚР-дағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) ЕҚЫҰ-ның адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі өкілдерін қатыстырып, конференция өткізді.
Форумның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Т.Ә. Қожан, Астана қаласының кәмелетке толмағандармен істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Г.А. Әбдіғалиева және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының орынбасары Ә. Қасенова қатысты.
23 маусымда Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық сотының төрағасы және судьяларының ЮСАИД өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қарағанды облысы шегінде Жоғарғы Соттың және ЮСАИД арасындағы ынтымақтастықты талқылау және бейнежазу құралымен таныстыру, жабдықталған құралдың маңыздылығын судьялар талқылауы өтті.
27 маусым - 1 шілде кезеңінде Ольденбург қаласында (ГФР) ҚР Жоғарғы Сотының және қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың 16 судьясына арналған «Тұлғаға және меншікке қарсы қылмыс. Заңсыз тасымалданған есірткі заттарға қатысты қылмыс. Дәлелдемені бағалау» атты танымдық сапар жоспарланды.
Сапар Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының (IRZ) және 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.
29-30 маусымда Иркутск қаласында (Ресей Федерациясы) Ресей Сот төрелігі Академиясы, Иркутск облыстық соты және Ресей Сот төрелігі Академиясының Батыс-Сібір филиалының ұйымдастыруымен «Ресей және Азия-Тынық мұхиты өңірі елдері сот жүйелерінің дамуы: тарихы, қазіргі замандағы жағдайы, бетбағыттары және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференцияның жұмысына Павлодар облыстық сотының төрағасы Ә.Б. Қаженов шақырылды.
30 маусымда Мюнхен қаласында (ГФР) Федералды патент сотының және Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының (IRZ) ұйымдастыруымен «Еуропада патенттік істер жөніндегі ұлттық юрисдикция» атты халықаралық симпозиум өтті. Оның жұмысына Халықаралық құқық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының (IRZ) шақыруымен Алматы қаржы сотының төрағасы Д.А. Шипп қатысты.
30 маусымда Астана қаласында Жоғарғы Сот өкілдерінің Женева қаласындағы (Швейцария) Халықаралық заңгерлер комиссиясы делегациясымен кездесуі өтті, онда әйелдердің сот төрелігіне қолжетімділігі туралы жобасы талқыланды.
Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә.Б. Қасенова және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
Шілде
1 шілдеде Жоғарғы Соттың судьясы Т.Ә. Қожанжәне Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Халықаралық-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі Г.Қ. Игенбердинова Есірткіні бақылау және қылмысқа қарсы тұру жөніндегі БҰҰ Басқармасының (ЕБҚҚБ) аға кеңесшісі Худоба Йоханнеспен және Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жетекші кеңесшісі Жан Костакимен кездесті.
Кездесуде Орталық Азияда адам саудасын тоқтату және еңбек мигранттарының негізгі құқықтарын жетілдіру бойынша ЕБҚҚБ және ХЕҰ бағдарламаларын 2011-2013 жылдарға жалғастыру мәселелері талқыланды.
7 шілдеде Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы Р.Н. Юрченко Орталық Азиядағы PRI өкілдігінің миссиясымен (Халықаралық түрме реформасы), оның ішінде ICCS/NTUA ұйымының өкілі Анне Катрин және PRI-дың аймақтық директоры Сәуле Мектепбаевамен кездесті.
Кездесуде PRI-мен іске асырылған және Еуропалық Одақпен қаржыландырылған «Өлім жазасын біртіндеп жою және оның адам құқықтары халықаралық стандарттарына сәйкес баламасы» тақырыбындағы жобаның іске асырылуы бағаланды.
8 шілдеде Астана қаласында Азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі баяндамасын БҰҰ Комитетінде қорғау мәселесі бойынша қазақстан делегациясы мүшелерінің соңғы отырысын Әділет министрлігі өткізді (2011 жылғы шілдеде Женева қ.).
Отырыс жұмысына делегация мүшесі, Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев қатысты.
11 шілдеде Еуропалық Одақтың жаңа жобасын талқылау мақсатында Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов және Жоғарғы Соттың судьясы Д.Д. Нұралин Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Жобасының өкіл-менеджерлері Гүлнәр Дүсіповамен және Дениса Салковамен кездесті.
Кездесу барысында пенитенциарлық жүйенің және кәмелетке толмағандар жөніндегі сот төрелігінің реформа мәселелері талқыланды.
11-15 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Болгария Республикасының Жоғарғы Кассациялық Соты арасындағы ынтымақтастық шегінде әйелдерге қатысты зорлық пен кемсітушілікке, адам саудасына байланысты азаматтық және қылмыстық істерді қарау және осы мәселелерді реттейтін халықаралық конвенцияның ережелерін қолдану бойынша Болгария Республикасының сот практикасын зерделеу мақсатында қазақстандық судьялар София қаласына (Болгария Республикасы) сапармен барып қайтты.
12-18 шілдеде Женева қаласында (Швейцария Конфедерациясы) Жоғарғы Соттың судьясы Ж.Н. Бәйішев Қазақстан Республикасы үкіметтік делегациясының құрамында Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы Қазақстанның Ұлттық баяндамасын қорғауға арналған Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің 102-ші отырысының жұмысына қатысты.
20 шілдеде Астана қаласындаЖоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов Еуропалық Одақ Жобасының өкілдерімен ЕО Жобасының жаңартылған жұмыс жоспары және Үшінші аралық есепті ұсына отырып, келесі 4-ші Үйлестіру отырысын өткізуді келісу үшін кездесті.
21 шілдеде Астана қаласында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А. Қасымов және Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов Еуропалық Одақ Жобасының өкілдерімен сот және құқықтық реформалардың сапасын жетілдіруде мемлекетке көмек көрсету бойынша Жобаның кіші компоненттерін әрі қарай үйлестіруді талқылау үшін кездесті.
27 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі «Қылмыстық процесс және пенитенциарлық жүйе реформалары» тақырыбында семинар өткізді. Оған Жоғарғы Соттың судьясы Ғ.А. Бапахов және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Халықаралық-құқықтық бөлімнің бас сарапшысы И.А. Нұржанова қатысты.
Семинар барысында төмендегі мәселелер талқыланды. Олар: бәсекелестiк процесін қолдану, сот билігінің тәуелсіздігі, алқабилердің соттары, процеске қатысушы тараптар арасында өкілдіктерді тең бөлу, қорғауды күшейту, құқықтық көмек көрсету, дәлелдемелерге қол жетімділік, дәлелдемелермен жүгіну тәртібі және сот сараптамасы, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің реформалары, үкім шығарудың тәртібі мен тәжірибесі, қылмыстық сипаттан арылту және жазаны жеңілдету, сотқа дейінгі процесте қамауға алу және уақытша қамауға алу тәртіптері, түрмеге қамауға алудың баламасы, ашық ұстау, түрмені басқару, ұсталғандарды оңалту, қоғамдық мониторинг және хабардар болуы, халықаралық стандарттарға сәйкес болу, азаматтық құқықтардың қорғалуы, құқықтық салада жұмыс істейтін азаматтардың біліктілігі.
Тамыз
11 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Халықаралық-құқықтық бөлім меңгерушісі Д.М. Мырзаханов «Ernst&Young Advisory тәжірибесінің ұсынылуын және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының стратегиялық даму жоспарын талқылау» тақырыбында «Ernst&Young» компаниясының өкілдері - Рута Макаревичутэ, Бахтияр Бектұрсынов және Аревик Овсепянмен кездесті.
26 тамызда Астана қаласындағы АҚШ Елшілігінде халықаралық ұйымдар – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен ынтымақтастық жасайтын донорлармен кездесу өтті. Бұл кездесуді Сот оқуы жөніндегі USAID Жобасы соңғы іс-шара ретінде ұйымдастырды.
Кездесуге USAID Жобасының шақыруы бойынша Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар Одағының төрағасы В.М. Борисов, Жоғарғы Сотының судьясы, Сот оқуы жөніндегі үйлестіруші Ұ.А. Сүлейменова және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Халықаралық-құқықтық бөлім меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
Қыркүйек
3 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасының Экономкалық даму және сауда министрлігі және Кедендік реформа жөніндегі USAID Жобасы (RTLC) бірігіп, дауларды шешу бойынша семинар ұйымдастырды.
Семинар жұмысына Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Халықаралық-құқықтық бөлім меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
4-8 қыркүйекте Стамбулда (Түркия Республикасы) Халықаралық судьялар қоғамдастығының кезекті 54-ші отырысы өтті. Онда Қазақстан Республикасының Судьялар Одағы Халықаралық судьялар қоғамдастығының толыққанды мүшесі болды.
Отырыс жұмысына қазақстандық делегация құрамында Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының төрағасы, Жоғарғы Соттың судьясы В.М. Борисов, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы М.Т. Балкен, Алматы қаласының қаржы сотының судьясы Г.А. Сәтбаева және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төраға Хатшылығының ұйымдастыру-сараптама секторының меңгерушісі С.И. Жұмабаев қатысты.
10-15 қыркүйекте София қаласында (Болгария Республикасы) Болгария Республикасының Жоғарғы Кассациялық Сотының шақыруы бойынша меншікке қарсы қылмыстар және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жөніндегі қылмыстық істерді қарау ерекшеліктері бойынша Қазақстан судьяларының тағылымдамасы ұйымдастырылды.
Тағылымдамада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Қ. Сынғалиева, Қостанай облыстық сотының судьясы Н.Г. Верещага, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Н.Ж. Ділдәбеков, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының судьясы М.У. Бекназаров және Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сотының төрағасы Д.Б. Бұлғынбаев қатысты.
13-15 қыркүйекте Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының жәрдемдесуімен «Әкімшілік заңнама және іс жүргізу: қазіргі жай-күйі және әрі домократияландыру» тақырыбында халықаралық конференция өтті, оған Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Лариса Владимировна Янова қатысты.
18-22 қыркүйекте Динар қаласында (Франция Республикасы) Динар қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сауда-өндіріс палатасының және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі агенттігінің жәрдемдесуімен «Коммуналды қызметтердің экологиялық таза жобаларды дамытудағы мемлекеттік-меншіктік және жергілікті аумақтық серіктестік» тақырыбында семинар өтті.
Семинар жұмысына Жоғарғы Соттың Департамент басшысының көмекшісі Б.Р. Рахманбердиев қатысты.
19 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Б. Бекназаров Оңтүстік және Орталық Азиядағы Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі АҚШ агентігі (USAID) Бюросының директоры Кэтлин С. Макдональдпен, Орталық-азия республикалардағы USAID миссиясының аймақтық директоры Эрин Маккимен, Орталық-азия республикалардағы USAID миссиясының демократияны және басқаруды дамыту жөніндегі офисінің директоры Дэвид Хоффманмен және Астана қаласындағы USAID офисінің басшысы Бенджамин Чапманмен кездесті.
Осы кездесудің мақсаты – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Америка Құрама Штаттары агенттігінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының арасындағы келешек ынтымақтастық пен серіктестікті талқылауға арналды.
20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ғимаратында USAID өкілдерімен кездесу жалғасты. Бұл кездесуге Жоғарғы Сот судьялары В.М. Борисов пен Ұ.А. Сүлейменова қатысты.
21 қыркүйекте Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) «Әділет» қоғамдық қорының көмегімен ювеналдық әділет бойынша дөңгелек үстел өтті. Бұл үстелдің жұмысына Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.А. Әбдіғалиева қатысты.
22-23 қыркүйекте Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасындағы Ф.Эберт атындағы қоры және Ақмола облыстық соты бірлесіп, неміс сарапшылары мен Германия судьяларының қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы ювеналдық әділет. Халықаралық тәжірибе» тақырыбында Ақмола облысының судьяларына арналған Щучинск аудандық сотында семинар өткізді.
Семинар жұмысынаАстана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.А. Әбдіғалиева қатысты.
22 қыркүйекте Астана қаласында Жоғарғы Сот ғимаратында «Қазақстан Республикасындағы әйелдердің сот төрелігіне қол жетімділігі» жобасын талқылау бойынша Халықаралық заңгерлер комиссиясының өкілі Т. Зиновичпен кездесу өтті.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасында әйелдердің сот төрелігіне қол жетімділігі жолындағы кездестіретін қиындықтар мен тосқауылдарын анықтау және оларға барлық жағынан талдау жасау, сондай-ақ осы мәселені құқық төрелігі және адам құқықтары шеңберінде қарау, аталған қиыншылықтарға жауап ретінде өзгерістерді шығару үшін келісім және іс-әрекет жағдайында азаматтық қоғамның дамуына көмектесу және ықпалдасу болып табылады.
Кездесуде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменттің атынан Талдау бөлімінің меңгерушісі Л.С. Құрмантаева, Халықаралық-құқықтық бөлім меңгерушісі Д.М. Мырзаханов және Халықаралық-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі Г.Қ. Игенбердинова қатысты.
22-23 қыркүйекте Вена қаласында (Австрия Республикасы) өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының «Полиция реформасын қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесі реформасымен үйлестіру» атты жыл сайынғы полиция сарапшылары жиналысының жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әбдрашид Төлегенұлы Жүкенов қатысты.
22-23 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы сотталғандарды ұстап беру туралы келісім жобасын талқылау мәселесі бойынша сарапшылар комиссиясы отырысына Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Халықаралық-құқықтық бөлімнің құқықтық көмек көрсету секторының меңгерушісі Р.М. Жауарова қатысты.
26-29 қыркүйекте Таллин қаласында (Эстония Республикасы) Электрондық басқару теориясы және практикасы бойынша 5-ші халықаралық конференция (ICEGOV2011) жұмысына Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы Денис Алексеевич Шипп және Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Статистика және құқықтық ақпарат бөлімінің меңгерушісі Айжан Есенгелдіқызы Қабдығалиева қатысты.
26-29 қыркүйекте Варшава қаласында (Польша Республикасы) өткен ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Адами өлшем бойынша кезекті кеңесінің жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Жолымбет Нұрахметұлы Бәйішев қатысты.
27-28 қыркүйекте Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Тәжікстан Республикасы Әділет Кеңесінің жанындағы Судьялардың білім орталығының ұйымдастыруымен «Соттар қызметінің тәуелсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ету кепілдері бойынша конституциялық нормалардың жетілдіруі мен сақталуы жөніндегі халықаралық тәжірибе» атты халықаралық конференция өтті.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ұ.А. Сүлейменова, Алматы облыстық сотының судьясы Ж.Қ. Бердығұлова және Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Аппартының басшысы А.А. Темірбеков қатысты.
29-30 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.Бекназаровтың төрағалық етуімен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ведомствоаралық органы - экономика саласындағы даулар бойынша істерді шешетін Жоғары төрелік, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттардың Төрағалары Кеңесінің кезекті 8-ші отырысы өтті. Төрағалар Кеңесінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң кеден заңнамасын дамытудың, ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптардың өтеу кезектiлiгiн анықтаудың, халықаралық құқықтық көмек көрсетудің және азаматтық және экономикалық iстер бойынша Еуразия заң желiсiнiң жасаудың, сот органдарының жұмысында бейнеконференц байланысын қолданудың, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы судьяларының қауымдастығын құрудың көкейкестi мәселелері талқыланды.
Қазан
3-4 қазанда Астана қаласында «Қадір-қасиет» қоғамдық бірлестігі Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың көмегімен Қазақстан және Украина сарапшыларының қатысуымен «Amicus curiae» (3 қазанда) және құқық бұзушылық және билікті теріс пайдалану (4 қазанда) тақырыптарында судьяларға, прокурорларға, адвокаттарға, үкіметтік емес ұйымдардың заңгерлеріне және журналистерге арналған семинар ұйымдастырылды.
Семинардың жұмысына аудандық, мамандандырылған әкімшілік және ювеналды соттардың және Астана қалалық сотының 10 судьясы қатысты.
4 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.Ә. Бекназаров Түркия Республикасының Бас Прокуроры Х. Эрбильмен кездесті. Кездесу барысында сот төрелігі саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.
4 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.Ә. Бекназаров Сауд Арабиясы Корольдігі Тергеу және прокуратура бюросының Төрағасы Шейх Мохаммад бин Фахд Аль-Абдуллахпен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің сот жүйесі мен мемлекеттер арасындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.
6 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқықтық бөлімі құқықтық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Р.М. Жауарова Парламент Мәжілісінде өткен «Қазақстан Республикасы мен Индия Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша құқықтық қызмет көрсету шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.
10-11 қазанда Астана қаласында Әділет министрлігінде Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Республикасының арасындағы азаматтық және коммерциялық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері туралы келісім жобасын талқылау бойынша мемлекеттік орган өкілдерінің отырысы өтті.
Отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Халықаралық-құқықтық бөлімі құққтық қызмет көрсету секторының меңгерушісі Р.М. Жауарова қатысты.
10-28 қазанда АҚШ Елшілігінің «Халықаралық іссапарлар» бағдарламасы шеңберінде Қостанай облыстық сотының судьясы Б.С. Әбілқайырова қазақстандық делегацияның құрамында «Құқықтық реформа заңдылығының сақталынуын және нығаюын қадағалау» бағдарламасы бойынша АҚШ-қа іссапармен барды.
Сапардың мақсаты – американдық сот ісін жүргізу жүйесімен танысу, сотта алқа төрағаларының қатысуымен өтетін отырыстарға қатысу, құқық қорғау және түзеу мекемелерінің қызметімен танысу.
13 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің өкілдері БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паникловамен, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы Өкілдігінің тиімді басқару және аумақтық дамыту жөніндегі департаменттің бағдарламалар үйлестірушісі Мәдина Бакиевамен және БҰҰ Даму бағдарламасының мониторинг жобалары жөніндегі маманы Жанетта Бабашевамен кездесті.
Кездесу шеңберінде бірлескен грант форматында БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы арасында бірлескен қаржыландырудың арқасында Қазақстанда медиацияны дамытуға көмек көрсету мәселелері бойынша БҰҰДБ-ның жаңа жобасын әзірлеуге байланысты Жоғарғы Сотпен 2012 жылға арналған ынтымақтастығы талқыланды.
18-20 қазанда Ташкент қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы сот төрағаларының кезекті (алтыншы) отырысына (ШЫҰ) Жоғарғы Сотының Төрағасы Б.Ә. Бекназаров, Жоғарғы Сот судьялары А.С. Смолин және Ә.Ж.Құрқбаев, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Е.Ж. Айтжанов және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, кеңес Хатшылығы құрамының мүшесі Д.М. Мырзаханов қатысты.
Отырыс шеңберінде келесі мәселелер талқыланды:
1. Құқық қорғау және сот органдары жүйесінде тежемелік және тепе-теңдікті тетіктерді іске асыру тетіктерін қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасу.
2. Сот өндірісіне туласу институтын енгізу бойынша ШЫҰ–ға мүше мемлекеттердің ғылыми-практикалық тәжірибесі.
3. ШЫҰ–ға мүше мемлекеттердің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын ізгілендіру гуманизациясы және ырықтандыру саясатын дәйекті дамытуы.
18 қазан – 2 қараша аралығында Корея Республикасында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Корея агенттігі (KOICA) арнасы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне арналған оқу бағдарламасы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің бас сарапшысы И.А. Нұржанова қатысты.
20-30 қазанда АҚШ-та USAID-тың «Ашық әлем» бағдарламасы азаматтық істер және экономикалық дауларды қарастырудағы сот практикасын үйрену бойынша судьялардың біліктілігін арттыру мақсатында жергілікті соттардың 10 судьясына арналған сапар ұйымдастырылды.
21 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.А. Қасымов және Жоғарғы Соттың судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы В.М. Борисов Қытай Құқықтық Қауымдастығы Цзилинь провинциясының делегациясымен кездесті. Кездесудің мақсаты – делегацияның Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздік, тұрақтылық саясатымен және реттелуімен танысу.
24 қазанда Астана қаласында Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің және Жоғарғы Соттың Төрағасы Б.Ә. Бекназаровтың Индонезия Республикасы Конституциялық Кеңес Төрағасы М. Махмуд бастаған делегация құрамымен ресми кездесуі өтті.
26 қазанда Астана қаласында Жоғарғы Соттың судьялары Ұ.А. Сүлейменова, В.М. Борисов, Н.И. Мамонтов, Л.Г. Полторабатько, Т.Ә. Қожан және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, отырыс хатшылығы құрамының мүшесі Д.М. Мырзаханов Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының GIZ Жерорта теңізі аумағы, Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша жауапты департамент басшысы М. Шефердің Қазақстанға ресми сапарының өтуіне байланысты кездесті.
Кездесудің мақсаты – М. Шефер ханымның GIZ құықтық бағдарламасының Қазақстандағы қызметімен танысу және ынтымақтастық бойынша өзекті тақырыптарды талқылау.
27 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Ө.Е. Шөкеевтің басшылығымен Еуразиялық экономикалық комиссиясы туралы шарттың жобасы бойынша белорусиялық және ресей тараптарының бейнеконференция режимінде келіссөздерді және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Қ. Мәсімовте ағымдағы жылдың 1 қарашасына жоспарланған интеграциялық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының қатысу мәселелері бойынша кеңесі өтті.
Кеңестің отырысына Жоғарғы Сот судьялары М.Т. Әлімбеков және Ж.Н. Бәйішев қатысты.
28 қазанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азиядағы екіжақты қызмет және сенім өлшемі жөніндегі кеңес «Тұрақты демократиялық даму: дәстүрлер және заманауи тәжірибе» атты халықаралық семинар ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы, з.ғ.к. Р.Н. Юрченко «Қазақстан Республикасындағы тұлға құқығын қорғау соттық-құқықтық институты» баяндамасымен қатысты.
Қараша
1-2 қарашада Минск қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД Экономикалық Сот статусы туралы келісімді талқылау бойынша сарапшылық топтың отырысы өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Ілесқызы Айтқұлова қатысты.
9 қарашада Астана қаласында 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сот Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ) бірлесіп, «Сот талқылауы бөлігінде жаңа ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің тұжырымдамасы жобасының ережелері. Лауазымдылық өкілдікті теріс пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың, облыстық және мамандандырылған қылмыстық соттардың судьялары, мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар және халықаралық сарапшылар – Германия Федеративтік Республикасының судьялары мен прокурорлары қатысты.
10 қарашада Астана қаласында Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорының (IRZ) сарапшылары – неміс судьялары мен прокурорларынан тұратын делегация мүшелері Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы, Жоғарғы Соттың судьясы В.М. Борисовпен кездесті. Сонымен қатар, Астана қалаық сотына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтына танымдық сапары ұйымдастырылды.
10-11 қарашада Астана қаласында Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоры (IRZ) Бас прокуратурамен бірлесіп, неміс мамандарының қатысуымен кейбір қылмыс түрлеріне қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды.
Форумның мақсаты – кейбір проблемалы мәселелерді шешу және жаңа үндеулерге мен қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың тиімділігін көтеру бойынша шараларды әзірлеу.
Конференцияда терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл, киберқылмыстылық мәселелерін талқылау және элоктронды естуді жүзеге асырудың ерекшеліктері, Германиядағы жедел іздестіру құқықтық қызметін реттеу тәжірибесі зерделенді.
Конференцияның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Қ.Ә. Шаухаров қатысты.
11 қарашада Астана қаласында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен және Адам құқықтары жөніндегі Дат институтымен бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы Омбудсмен институтын қолдау» жобасын іске асыру қорытындыларына арналған дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов қатысты.
15 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Т. Жұмағұлов және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов Финляндия Республикасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Лаура Рейниламен ресми сапар шеңберінде кездесті.
17 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзаханов ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы 2012-2013 жылдарға арналған жұмыстарының жалпы бағыттарын жоспарлау мәселері жөніндегі техникалық кеңеске қатысты.
Кеңес барысында ЮНИСЕФ-тің 2010-2011 жылдарға арналған балаларды қорғау бойынша бағдарламалық бағыттардың жалпы қорытындалары қаралды. Балаларды қорғау бағдарламасы қызметінің келесі екі жылға арналған қажетті бағыттары белгіленді.
21 қараша - 1 желтоқсан кезеңінде Гаага қаласында (Нидерланды Корольдігі)Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің, Экономикалық істер, шаруашылық және инновациялар министрлігінің және NL EVD International агенттігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Халықаралық-құқықтық бөлімінің меңгерушісі Д.М. Мырзахановтың оқу сапары («Dutch Visitors Programme») өтті.
Оқу сапары Нидерланды сот жүйесіне кіріспе, халықаралық құқық және сот төрелігі, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік, халықаралық әділетті, халықаралық және әлеуметтік заң үстемдігін қорғау және т.б. қамтылды. Сонымен қатар, мамандандырылған тренингтер, зерттеу жұмысы мүмкіндіктерінің мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың және халықаралық ұйымдармен кездесулер өтті.
22 қарашада Астана қаласында Жоғарғы Сотта Еуропалық одақ жобасы Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында Үшінші аралық есебі таныстырылды. Оның жұмысына Жоғарғы Соттың, Судьялар одағының, Еуропа комиссиясының өкілдері және Қазақстан Республикасындағы Еуропа Комиссиясы жобасының тобы, Бас прокуратура, Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Қазақстанның адвокаттар одағының өкілдері қатысты.
24 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп, «Қалалық ортада осалды санаттағы балалардың құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында жұмыс кеңесін өткізді. Оның жұмысына Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының судьясы Ж.К. Алпысбаева қатысты.
Кеңес шеңберінде белгіленген мәселелерді алдын ала талқылау және шешу үшін 2011 жылы өткізілген қалалық ортада осалды балаларды зерттеу қорытындылары таныстырылды. Зерттеуде Алматы, Астана және 5 облыс орталық қамтылды.
24-25 қарашада Астана қаласында АҚШ, Еуропа және ТМД елдерінің атынан Қазақстандағы сот оқуы жөніндегі USAID жобасы сарапшыларының –2012-2016 жылдарға арналған сот оқуы стратегиясы жобасын әзірлеуге қатысуы мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың судьяларымен кездесуі өтті.
25 қарашада Астана қаласында Жоғарғы Сот Судьялар одағымен, GIZ Жобасымен (Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы) және Қазақстан Республикасының заң шығару институтымен бірлесіп «Әкімшілік әділет: шетел тәжірибесі және Қазақстан Республикасындағы реформалаудың перспективалары» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.
25 қарашада Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, БҰҰ-ның Даму бағдарламасы, Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы «Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық профилактикасы тетіктері: проблемалар және перспективалары» тақырыбында конференция өтті.
Конференцияда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Г.Ә. Байбосынова «Тұрмыстық зорлыққа қатысты істерді қарау жөніндегі сот практикасы» баяндама жасады.
28 қараша – 2 желтоқсан кезеңінде Берлин қаласында (ГФР) 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі неміс қорымен (IRZ) бірлесіп ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты делегациясының Германияға «Азаматтық және отбасылық істер бойынша құқықтық көмек көрсету. Сот актілерін апостильдеу» тақырыбында танымдық сапары өтті.
Бағдарлама барысында Жоғарғы Соттың делегациясы неке бұзу туралы азаматтық істер бойынша шешімдерге апостил қою процедурасымен танысу, қазақстандық балалардың шетел азаматтарының бала асырап алуымен танысуы.
Сапар барысында қазақстандық делегация Германияның құзыретті соттарын аралады, Бонн қаласындағы ГФР Федералды әділет ведомствосының (Bundesamt für Justiz) вице-президенті бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында 1956 жылғы 20 маусымда қабылданған «Шекарадан тыс жерлерде алименттерді өндіру туралы» Конвенциямен ынтымақтасу (осы бағыт бойынша қажетті құжаттар тізімін нақтылау) және басқа да азаматтық-құқықтық мәселелер бойынша жәрдемдесу және қарыз сомасын төлеу жөніндегі сот актілерін орындау және тануға қатысты мәселелерді талқылады.
28-29 қарашада Бурабайда (Щучинск қаласы) ҚР уәкілетті мемлекеттік органдар үшін «Адам құқықтары бойынша БҰҰ тетіктері шеңберінде жеке ақпараттар» атты оқу семинары өтті. Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының бас консультанты К.Ж. Балтабаев және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы хатшылығының бас консультанты М.А. Бекенов қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ БЖКБ-ның Орталық Азиядағы Өңірлік бөлімшесі ұйымдастырған семинар Адам құқытарын қорғау жөніндегі БҰҰ-ның түрлі органдарының жекелеген өтініштерін қарау рәсімдері туралы, сондай-ақ осыған байланысты қатысушы елдердің адам құқықтарын қорғау саласындағы БҰҰ-ның тиісті халықаралық келісімдерінің міндеттемелерін өзіне қабылдауы туралы құзыретті мемлекеттік органдардың хабардар болуын арттыруға бағытталған.
Желтоқсан
4-17 желтоқсанда Токио қаласында (Жапония) Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Жапон агенттігі (JIСA) Орталық Азия елдерінің заңнамасын салыстырмалы үйрену бойынша оқу семинарын ұйымдастырды. Семинардың жұмысына Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Д.Ж.Аймағамбетова және Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы А.М.Жүсіпов қатысты.
5 желтоқсанда Астана қаласында Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен Адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствааралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына ВАК мүшесі, Жоғарғы Соттың судьясы Т.Ә. Қожан қатысты.
7 желтоқсанда Астана қаласында Жоғарғы Соттың Төрағасы Б.Ә. Бекназаров Беларусь Республикасының Бас Прокуроры А.В. Конюкпен кездесті.
20 желтоқсанда Жоғарғы Соттың Төрағасы Б.Ә. Бекназаровтың Беларусь Республикасы Жоғары Шаруашылық Сотының Төрағасы В.С. Каменковпен бейнеконференцбайланыс арқылы тест сеансы өтті.
Бейнеконференция барысында Белоруссия және Қазақстан соттарының арасында, соның ішінде нақты шаруашылық дауларды қарастыру кезінде қазақстандық және белорустік субъектілердің қатысуымен бейнеконференцбайланысты одан әрі дамыту және қолдану мәселелері талқыланды.
Сонымен бірге конференция шеңберінде Алматы қаласында 2011 жылғы 29 қыркүйектегі кезекті (сегізінші) отырыста шығарылған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің төрелік, шаруашылық, экономика саласындағы даулар бойынша істерді шешетін басқа да соттардың төрағалары кеңесінің (бұдан әрі – Төрағалар кеңесі) шешімдерін іске асыру мәселелері қаралды.
23 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс барысында ЕурАзЭҚ Экономикалық Соты судьяларының құрамы тағайындалып, оған бекітілген судьялардың кандидатуралары бойынша шешімі жарияланды.
Қазақстан Республикасының атынан ЕурАзЭҚ Соты Төрағасының орынбасары болып Мұсабек Тұрғынбекұлы Әлімбеков және ЕурАзЭҚ Сотының судьясы болып Жолымбет Нұрахметұлы Бәйішев тағайындалды.
27 желтоқсанда Астана қаласында Жоғарғы Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыровтың және Жоғарғы Сот судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі Ұ.А. Сүлейменованың «Сот жүйесінің тәуелсіздігі» ЮСАИД жобасы өкілдері ЮСАИД-тің демократияны дамыту жөніндегі бөлім директорының орынбасары Крис Миллермен және Американдық заңгерлер бірлестігі өкілдігінің директоры (ABA) Иван Абрамспен кенсультациялық кездесуі өтті.
Кездесу барысында Жоғарғы Соттың әкімшілік және басқару құзыреті шеңберіндегі маңызды міндеттер талқыланды, сондай-ақ осы бағыттарда Жоғарғы Сотқа қай елдердің тәжірибесі қызықты болды.












