Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты хабарлайды

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы            2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Ақтөбе гарнизоны әскери сотының  төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураларды балама негізде Қазақстан Республикасы Әскери сотының жалпы отырысының қарауына ұсыным енгізді:

 

Баязид Сұлтанғалиұлы Дәрiбаевтің - Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы,

Ғалымжан Жаңажанұлы Қарабалиннің - Ақтөбе гарнизоны әскери сотының судьясы

 

 

Жоғарыда аталған кандидаттарды іріктеудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты қандай да бір мәліметтер, пікір білдірушілер Жоғарғы Соттың www.supсоurt.кz сайтына немесе Астана қаласы, Қонаев көшесі 39 үй мекен-жайы бойынша жолдауларына болады.

 

wsx azq

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы