Заңсыз қару тәркіленді
Заңсызқарутәркіленді
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігімен әкімшілікқұқықбұзушылыққабарған Ғабит А-қа қатысты әкімшілік іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, Мұнайлы ауданына қарасты тас жолда Ғабит А-ның көлік құралына қарау жүргізу кезінде 16 калибрлі қос ауыз №28239-60 санды аңшы мылтығы табылды. Ол аталмыш қаруды iшкi iстер органдарының рұқсатынсыз сақтап, пайдаланған.
Сот Ғабит А-ны ӘҚБтК-нің 368 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасын қолданды. Әкімшілік іс бойынша айғақ зат - 16 калибрлі қару тәркіленді.
moder modernovosti












