Тағайындау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011жылдың 26 қыркүйегіндегі №152 Жарлығымен Ерлан Идиров Май аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Ресей Федерациясының Саратов облысында туып-өскен Ерлан Идиров, 2003 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Басқару және құқық институтын бітіргеннен кейін, еңбек жолын Қазақстан Республикасы Батыс-Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Басқару Агенттігінің бас маманы қызметінен бастады.
2005–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының магистранты.
2007 жылдың шілдесінен 2008 жылдың шілдесіне дейін – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттар қызметін ұйымдастыру департаменті және соттар әкімшілігі жөніндегі Комитетінің ішкі әкімшілігінің сарапшысы, кадрлық жұмыстар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың шілдесінен – 2011жылдың қыркүйегіне дейін Май аудандық сотының судьясы қызметін атқарды.
Павлодар облыстық сотының кассациялық сот алқасының төрағасы Теміртас Махватов жаңадан тағайындалған төрағаны сот ұжымына таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.












