Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





"Сот залынан". Жоғарғы Сот заңсыз айыпталған полиция қызметкерін ақтады

            Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы ағымдағы жылдың 4-қазанында сотталған А. Ш. қатысты қылмыстық істі қарап, аяқтады. Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен А. Ш. Қылмыстық Кодекстің 308-бабы 4б. «а» тармағымен (билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану) қарастырылған қылмысты жасады деп танылып, оған жаза ретінде 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Осы үкіммен тағы бір сотталушы А. К. та Қылмыстық Кодекстің 308-бабы 4б. «а» тармағымен (билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 1 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
            Іс материалдарына сай, сотталушы Қостанай қалалық Ішкі Істер басқармасында кіші жедел уәкіл қызметін атқара жүріп, А. К-мен бірігіп, 2010 жылдың сәуір айында ұялы телефонды ұрлады деген күдікті К-ны өз жұмыс орнында ұрып-соғып, дене жарақатын салды деп айыпталған.
            Қылмыстық қудалау органдарымен жүргізілген тергеу барысында А. Шаяхметов өзіне тағылған айыпты мойындамай, өз басшысы А. Капасовтың тапсырмасы бойынша ұсталған К-ны полиция бөліміне алып келіп, тергеушіге тапсырғандығын айтып, ұсталған азаматты ұрып-соқпағандығын айтқан.
            Сот барысында жәбірленуші К-ның басына, оң құлағына зақым келгендігі туралы сот-сараптамасының қорытындысы зерттелген. Сонымен қатар жәбірленуші К. өз сөзінде полиция бөліміне келген кезде оны өз бөлмесіне кіргізген А. К. ұрып-соққандығын айтып, жасалған тонауға қатысты қылмысты өз мойнына алуды талап еткендігін мәлімдеген.
            Іс материалдарын зерттей келе, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы айыпталған А. Ш. қатысты қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндірісті қысқарту жөнінде қаулы қабылдады.
            Сөйтіп, өзінің қызметін атқара жүріп, заңсыз айыпталған тұлға кінәсіз деп танылды.

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы