Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





БАҚ-ға арналған брифинг

 Павлодар облыстық соты бұқаралық ақпарат құралдары үшін ағымдағы жылдың тоғыз айы бойынша облыс соттары жұмыстарының нәтижелері және қоғамдық қызығушылық туғызған сот істері жөнінде брифинг өткізді.  
Облыс соттары барлығы 39379 істі қараған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 % көп.
Қаралған істердің 70% азаматтық істер құрайды- 26844.
            Осыған қоса, азаматтық істердің қаралуы бойынша Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалалық соттарында жоғары жүктеме(52,9 іс) байқалды, бекітілген нормативтен 2,6 есеге асады.
Бас бостандығынан айырылғандар саны 43,8% азайған(өткен жылдың осы кезеңінде  728 тұлға болса, көрсетілген кезеңде 409 тұлға). 
Аймақтағы соттар бойынша 15 тұлғаға  9 ақтау үкімі шығарылған, жазалаудың балама шаралары(айыппұл, қоғамдық жұмыстарға тарту және еркіндігін шектеу) жиі қолданыла бастады. Жазалаудың балама шараларын қолдану көрсеткіші 15,4% көбейді.
Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қаралған күнбағыс майының және қарақұмықтың сатылым бағасының көтерілуіне келісім білдірген бәсекелестікке қарсы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша сот істері көпшілікті қызықтырды.  
            Бұқаралық ақпарат құралдарына 2012 жылдан бастап Павлодар облысында ювеналды соттың ашылатыны жайында да хабарланды.
            «Кәмелетке толмағандардың физиологиялық, психологиялық және басқа да құқықтық қырлары осындай соттардың ашылу қажеттігін көрсетті. Қазақстан бұл бағытта тәжірибеге ие, төрт жылдан бері Астана және Алматы қалаларында ювеналды сот қызмет етуде», - деді Павлодар облыстық сотының төрағасы Әуезнұр Қаженов.

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы