Ел тәуелсіздігінің 20-жылдығы құрметіне
Қазақстан Республикасы судьялар Одағының Павлодар филиалы Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 20-жылдығы құрметіне «Павлодар облысының соттары» атты кітап шығарды. Онда аймақтық соттардың құрылу тарихы, бүгінгі хал-ахуалы, қоғамдық және спорттық өмірі, ардагер судьялар туралы толық баяндалады.
Сондай-ақ, судьялар Одағының Павлодар филиалы облыс судьяларының Конституция күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған конференция материалдарының жинағын шығарды. Жинақ мазмұнын Ата Заңға арналған республикалық және аймақтық басылымдарда шыққан баяндамалар мен мақалалар құрайды.
Бұл кітаптар оқырмандарға облыс соттарының құрылу тарихы және судьялардың аймақтың және елдің қоғамдық-саяси өміріндегі атқарған қызметтері туралы толығырақ білуге мүмкіндік береді.












