Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





Судьялар шаршы алаңда үздік ойын көрсетті

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған дүбірлі додалар еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасын табуда.  Ақтөбе облыстық соты да аталмыш шаралардан сырт қалмауда. Жуырда  «Қоныс» спорт сарайында спартакиада болып өтті. Шараның мақсаты - қалың көпшілік арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізі ретінде спорт пен дене шынықтыруды насихаттап, қызметкерлерді дене шынықтыру мен спортқа баулу болып табылады. 
 
Спорттың сегіз түрі бойынша өткен шараға сот судьялары мен мамандар ерекше ынтамен қатысып, асқан белсенділік танытты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан шара биылғы жылы өзіндік ерекшелігімен өтті. Қазақы дәстүрді қолдап, ел намысын асқақтату мақсатында Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжановтың бастамасымен бұл жолы сайысқа халқымыздың ұлттық тоғызқұмалақ ойыны қосылды.  Ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі болып табылатын тоғызқұмалақ ойыны алғаш рет ұйымдастырылып отырғанына қарамастан тартысты өтті. Жоғары интеллектуалдық қабілет пен қырағылықты талап ететін  ойынға қатысуға ынта білдіргендер қатары да көп болып шықты. Бірнеше сағатқа созылған бәсекеде Мұғалжар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі   Нұршат Қалиева үздік ойын көрсетіп, бірінші орынға ие болды. Ал, екінші және үшінші орынды Ақтөбе қалалық сот мамандары бөлісті. Сондай-ақ, шаршы алаңға шыққан әйелдер командасы волейболдан  өздерінің осал еместіктерін дәлелдеді. Тартысты өткен бәсекеде теңдей ойын көрсеткен облыстық, қалалық және мамандандырылған соттар командасы  жұмыс бабында әділ судья бола білсе, спорттық бәсекеде доп ұрудың хас шеберлері екендіктерін дәлелдеді. Волейболдан сайыс  нәзік жандылар арасында биыл алғаш рет өткізіліп отырған болатын. Жеңісті қолдан бермеген қалалық сот судьялары мен сот мамандарынан құрылған команда шаршы алаңда үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды қанжығаларына байлады.  
 
4000 x 3000<br/>Размер: 3298 КбСайыстың сәнін келтірген тағы бір тартысты бәсеке ерлер арасында өткен аяқ доп ойыны болатын. Командалық есеп айырысу барысында Ақтөбе облыстық сотының судьялары футболдан бірінші орынға ие болып, спартакиаданың кубогын жеңіп алды.  Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы грамоталармен және кубокпен марапатталды.
 
Сайыс соңында сөз алған Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Дәмеш Әбдәлінің айтуынша, алдағы уақытта волейболдан үздік ойыншыларды іріктеу, әйелдер командасын құрып, Республикалық спартакиадаға енгізу мәселесі жоспарланып отыр. 
     

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы