Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





Журналистер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау өтті

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Ақмола филиалы Ақмола облыстық сотымен бірлесіп бұқаралық ақпараттық құралдарындағы Ақмола облысы судьялары мен соттардың қызметі туралы үздік материал байқауын өткізді.
2011 жылы 15 қыркүйек күні өткен байқау қорытындысын шығаруға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетінің оқытушысы Қасенов Сапар Нығметұлы шақырылған.
Байқаудың басты мақсаты сот билігінің беделін, азаматтардың құқықтық тәрбиесін арттыруға және де сот әділдігіне азаматтардың қол жетуін жақсартуға, олардың конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған сот реформасының барысы мен соттардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында неғұрлым әділ және сапалы жариялау болып табылды. Сот жүйесіндегі көкейтесті мәселелерге БАҚ назарын аудару осы байқауды өткізудің басты міндеттерінің бірі болып саналды.
Байқауда жергілікті және республикалық газеттердегі журналистердің сот жүйесіне қатысты ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек аралығында жарияланған мақалалары қаралды. Байқауға ұсынылған материалдар сот әділдігін жүзеге асыру бойынша Ақмола облысының аудандық, қалалық соттарының қызметі және сот билігі туралы азаматтарды ақпараттандыру  деңгейін, дауларды құқықтық тәсілдермен шешуге сенімін жоғарылатуға бағытталған болуы тиіс еді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған журналистер дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқауға республикалық, облыстық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының 19 өкілі қатысты. Ақмола облыстық сотының төрағасы Ақжан Ештай байқаудың қорытындысы бойынша номинацияларға ие болған журналистерді диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Ал, байқаудың қорытындысы бойынша номинацияларға ие болғандар:
«Судья – адалдық пен имандылықтың, терең ойлылық пен әділдіктің бейнесі»номинациясы бойынша:
Нұрлыбай Омаров («Юридическая газета», «Әділ сот», «Заң»).
Сайлау Көшкенұлы («Көкшетау» газеті).
Қалкөз Жүсіп («Заң газеті»).
Любовь Дубровина («Акмолинские вести»).
 
 «Әділ сот төрелігін және заңнама талаптарын дәріптеу»номинация бойынша:
Әсем Ибраева («Сот залынан», «Из зала суда» шоу бағдарламасы).
Марат Ахметжанов («ҚР РТ «Қазақстан» АҚ, телеоператоры).
Оксана Матасова («Акмолинские вести»).
 
«Сот әділдікке жетудің соңғы сатысы»номинация бойынша:
Александр Кузенный («Казахстанская правда»).
Сәуле Кусаинова («Око», «Литер»).
Нұржан Баймолдин («Экспресс К»).
 
 «Ақмола облыстық сот жүйесіндегі құқықтық реформаның жүзеге асу барысы аналитикалық материал»номинациясы бойынша:
Марина Рыбалко («Курс»).
Саден Альмусаев («Актуальная тема», «Блиц-интервью» бағдарламалары).
Қалкөз Жүсіп («Заң газеті»).
 
Байқауға қатысқаны үшін Алғыс хаттармен Шынғыс Ташенов («Казахстанская правда», «Квартал») және Оксана Даирова («Юридическая газета») марапатталды.
 
Ақпараттық демеушілік білдіргені үшін келесі БАҚ өкілдеріне ауызша алғыс жарияланды:
Абзал Тоқанов «Арқа ажары»,
Александра Мякота«Акмолинская правда»,
Индира Тегжанова «Степной маяк»,
Жанмұрат Жанайдаров «ҚазАқпарат»,
Ғалия Ашкенова «КазТАГ»,
     Бақбарген Амалбек «Егемен Қазақстан».
 
Облыстық сот төрағасы журналистерге қиындығы мен қызығы мол қызметтерінде жаңа шығармашылық табыс, денсаулық, істеріне сәттілік тіледі.
 

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы