Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда Жоғары Сот Кеңесінің рөлін арттыруға және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің күшін жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 17 ақпанда сот құрылысын одан әрі жетілдіруге және соттардың тәуелсіздігінің кепілдігін нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды.      Мемлекет басшысы 2012 жылғы 20 ақпанда сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіруге және соттардың істерді қараудың жеделділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сенім деңгейін арттыру және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.    
Облыстық соттар





Судьялар тәжірибесімен бөлісуде

           2048 x 1536<br/>Размер: 743 Кб Жамбыл облыстық сотында отставкадағы судьялардың қатысуымен «Қылмыстық және азаматтық істер бойынша процессуалдық құжаттарды дайындау» тақырыбында семинар өтті.
 
Жұмыс өтілі үш жылдан аспайтын судьяларға дәрісті отставкадағы басалқылы судьялар Куляш Утеулина және Зина Жумахметова өткізді. Мұндай тәжірибе алғашқы болып табылады.
 
Семинар барысында Тараз қалалық және мамандандырылған экономикалық ауданаралық соттарымен ұсынылған істер қаралып, есептер шығарылды. Семинар катысушылары әр сессияның жалғасы ретінде кураторлармен дайындалған есептерді шығаруда өз жауаптарын келтірді.
 
Облыс судьяларының пікірінше, мұндай кездесулер кейбір мәселелерді пысықтауға, теория және дағды жүзінде өз білімін жетілдіруге көмектеседі. Дәстүр бойынша семинар соңында аралық нәтижелер қорытындыланды.

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы