«Сот залынан». Аса қауіпті қылмыс қайталанды
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-бөлігінің «а» тарм., 175-бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті мүлкін тәркілей отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған. Сотталушының әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы бар деп танылған.
Сот үкіміне сәйкес бұрын сотталған сотталушы Т. спирттік ішімдік ішкен мас күйінде 02.09.2010 жылы Байқоңыр қаласында орналасқан үйде қасақана адам өлтіру мақсатында екі адамның бас араздығы негізінде, қысқа мерзім ішінде жәбірленушілердің өліміне себеп болған жәбірленуші М. пышақпен 8 дене жарақатын және осы пышақпен жәбірленуші К. 18 дене жарақатын келтіріп, қасана екі адамды өлтірген. Бұдан кейін қылмыстық әрекетін одан әрі жалғастырып, алдын-ала сөз байласу бойынша 74202 теңге 58 тиын сомаға жәбірленуші К-ның жеке мүлкін жасырын ұрлаған.
Басты сот талқылауында сотталушы Т. өз кінәсін толық мойындаған.












