Оқ-дәрілерді заңсыз сатқандар жазасын алды
Орал қалалық сотында қаралып аяқталған істердің бірінің құжаттарына сай, 2011 жылдың маусым айында Батыс Қазақстан облыстық сот сараптама орталығының ғылыми-өндірістік зертханасының жетекші сарапшысы Марат К. 29 дана оқ – дәрілерін өз кабинетінде заңсыз сақтаған.
Ал осы зертхананың бас сарапшысы Нұрбек Б. аталмыш оқ-дәріні сатуға әрекеттенген кезде, бұл тұлғаларды жіті қадағалап отырған ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен ұсталды. Оқ-дәрімен қатар, жарылғыш заттарды да сатпақшы болған сотталушылар жалпы алғанда 5000 АҚШ доллары көлемінде пайда таппақшы болған.
Сот үкімімен Марат К. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 251-бабының 1 бөлігімен (оқ-дәрiлердi заңсыз сату, сақтау) кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Нұрбек Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 28-бабының 4-бөлігінде,251-бабының 1- бөлігінде,251-бабының. 2- бөлігінде,252-бабының 2- бөлігінде,251-бабының 2- бөлігінде, көзделген (атыс қаруын оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сақтау), (алдын ала сөз байласу арқылы жасаған әрекеттер), іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен 5 жыл бас бостандығынан айыруға сотталды.












