Ақмола облыстық сотында азаматтарды «Skype» бағдарламасы арқылы қабылдау енгізілді
Ақмола облыстық сотының төрағасы енді азаматтарды интернеттің көмегімен «Skype» бағдарламасы арқылы да қабылдайды. Бұл шалғай аудандарда тұратын азаматтарға зор мүмкіндік, енді кез-келген тұрғын төрағамен тікелей байланысқа шығып, сұрақтарына жауап алады.
Мұндай жүйе облыстың Атбасар, Есіл, Қорғалжын аудандық соттары мен Степногор қалалық сотында орнатылған. «Skype» бағдарламасымен жұмыс істейтін аталған соттар, арнайы компьтерлермен, веб-камералар және телефондармен жабдықталған.
Басқа аудандардың тұрғындары облыстық сот төрағасының қабылдауына аталған соттардың ғимараттарына келіп, бекітілген кесте бойынша қабылданады.












