Облыстық соттар





Ақтөбе облысының соттары 2011-ші жылды қорытындылады

      Ақтөбе облыстық сотында облыс соттарының 2011-жылы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарған жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген жалпы мәжіліс өтті. Аталмыш мәжіліске Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Б. Жұмағұлов, облыс судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.
      Өткен жылы облыс соттарымен 3 160 тұлғаға қатысты 2 800 қылмыстық іс қаралып, аяқталған, оның ішінде 1 190 адамға қатысты 912 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған. Апелляциялық сатыда 432 қылмыстық іс қаралған. Облыс соттарымен осы кезеңде жалпы алғанда 12 702 әкімшілік іс қаралған.  Жоғарғы Соттың басшылығы мен облыс әкімдігінің қолдауымен 2011-ші жылы облыстың Ойыл, Хромтау аудандық соттарының жаңа ғимараттары салынып, мамандандырылған экономикалық соты орналасқан ғимарат сатып алынды. Сонымен қатар жуырда кәмелетке толмағандарға қатысты істерді қарайтын мамандандырылған сот ғимараты ашылады.
     Жиын соңы қуанышты жаңалықтармен жалғасты. Сот жүйесінің ардагері Бекқожа Тайгужиев «Үш би» төсбелгісімен және облыстық соттың судьясы Балтабай Сабыров Судьялар Одағының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы