Облыстық соттар





Ақтөбеде жаңа сот ғимаратының ашылу салтанаты өтті

     Ағымдағы жылдың 23-ші қаңтарында Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болып өтті. Аталмыш іс шараға облыс әкімі А. Мұхамбетов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Б. Жұмағұлов, облыстық сот төрағасы Е. Айтжанов, сот жүйесінің ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
     Елбасы Жарлығымен 2010-жылдың басында құрылған Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен аса ауыр санаттағы қылмыстық істерді қарайды.
Соттың жаңа ғимаратында 3 мәжіліс залы болса, оның 2-і алқабилердің қатысуымен істерді қарау үшін арнайы жабдықталған. Барлық сот мәжіліс залдары үн-бейне жазба қондырғыларымен жабдықталған. Сотқа келушілерге арналған күту залы, заттай дәлелдемелерді сақтауға арналған бөлмелер де қарастырылған. 
 

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы