Облыстық соттар





Қорғау нұсқамасы - әкімшілік ықпал ету шарасы

    Қазақстан Республикасының 2009-шы жылғы 4-ші желтоқсандағы «Отбасы-тұрмыстық саладағы зорлық іс-әрекеттерінің алдын алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зорлық іс-әрекеттер жасау қаупі төніп тұрған тұлғаға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылады.
    «Қорғау нұсқамасы» дегеніміз – бұл учаскелік инспекторлардың құзыретіне енгізілген, полиция қызметкерлерімен белсенді қолданылатын әкімшілік ықпал етудің шарасы. Ол отбасы-тұрмыстық саласында құқық бұзушылыққа барған тұлғаларға қатысты қолданылады. Семей қаласының ішкі істер бөліміне отбасыда туындаған жанжалдарға байланысты қоңыраулар жиі шалынады.   Отбасы мүшесінің тұрақты түрде спирттік ішімдікті шектен тыс пайдалануы үй ішіндегі шиеленіс пен жанжалға ұласып, ақыр аяғында құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шаралар қабылдауға әкеліп соғады.  
Егер құқық бұзушы осында іс-әрекеттерін қайта жалғастыратын болса, жәбірленушінің еркіне қарсы оны іздестіруге, қудалауға, үйіне баруға, ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және онымен басқа да тәсілдермен қарым-қатынасқа түсуге тыйым салады. Қорғау нұсқауымен салынған шектеулердің сақталуын қадағалау отбасына тұрақты түрде келіп тұратын учаскелік инспекторларға жүктелген.
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2011-ші жылдың 12 айы ішінде қорғау нұсқамасын бұзу бойынша 69 әкімшілік іс қаралған.
    Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өткен жылдың 18-ші тамызында Ерлан Қ-ға қатысты қаулысымен қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін құқық бұзушы ӘҚБт Кодексінің 355-1 бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, оған 1 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі әкімшілік айыппұл салынды. 

Экономический Суд Содружества Независымых Государств Генеральная Прокуратура Республики Казахстан Парламент Республики Казахстан Министерство Внутренних дел Республики Казахстан База данных нормативных правовых актов Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы Сайт Правительства Республики Казахстан Агентство Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью Электронное правительство Республики Казахстан Сайт Президента Республики Казахстан

© Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, 2011 Барлық құқықтар қорғалған. Материалдардың қолдануы туралы