«Сөз бостандығына шектеу жоқ», Т.Тілеубай, «Жас қазақ», 11.10.2011 ж.
– Бүгінде елімізде лауазымды адамдардың шені мен қызметіне қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес жүргізіп келеді. Айта кету қажет, судьялардың жұмысы үнемі қоғамның бақылауында болады, – дейді «Жас қазақ» ұлттық апталығына арнайы сұхбат берген Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров. Біз төменде қызметіне кіріскеніне әлі көп бола қоймаған төбе биіміздің сұхбатын оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Жас қазақ: Жоғарғы соттың 6 қазысы: Алмаз Тәшенова, Сайлаубек Жәкішев, Марклен Қамназаров, Мәрзия Балтабай, Бақытжан Жақыпова, Мақсұт Әбілқайырлар Президенттің ұсынысымен қызметтерінен босатылған соң, сондай-ақ, А.Тәшенова мен С.Жәкішев қызмет бабын асыра пайдаланып, аса ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалған кейін, Жоғарғы сот төңірегінде жағымсыз әңгіме көбейіп кетті. Мұның себебі неде? Адамның тағдырын шешетін қазының жемқорлыққа ұрынбауы үшін не істеу керек? Сіздің ойыңызша, жемқорлықпен күресті қалай жүргізу керек?
Бектас Бекназаров: Расында, орын алған жағдай жұртшылықты елең еткізді. Қазіргі күні белгілі болғандай, Жоғарғы соттың алты емес, 2 судьясына қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Еліміздің сот жүйесінде орын алған, бұл оқиға барлығына сабақ болуы тиіс.
Мұндай жағдайдың орын алуына негізгі себептердің бірі – жүйе жұмысының дұрыс қалыптастырылмауы болды. Енді, міне, бұл жағдайды ретке келтіріп, біріншіден, қарапайым халық, екіншіден, судьялар қауымдастығы үшін ыңғайлы әрі тиімді болатын жүйені енгіземіз деген жоспарымыз бар. Тәртіп мәселесіне келетін болсақ, судьяларға қойылатын шектеулер жетерлік. Кез келген судья кәсіби беделіне күмән келтірмейтіндей тәртіпті ұстануға тиіс. Мұны қазіргі күні судьялар қауымдастығының әрбір мүшесі түсіне біледі деп айта аламын. Соттардың әрбір азамат пен заңды тұлға өкілі үшін ашық әрі қол жетімді болуы – бұл менің өз алдыма қойып отырған мақсаттардың бірі. Бұл бағыттағы оң шаралар туралы халық хабардар. Бүгінде елімізде лауазымды адамдардың шені мен қызметіне қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды күрес жүргізіп келеді. Айта кету қажет, судьялардың жұмысы үнемі қоғамның бақылауында болады. Ағымдағы жылдың 18 мамырында Судьялар одағы мен «Нұр Отан» партиясының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Екі жақтың басты мақсаты – соттардың құқықтық-ұйымдастырушылық механизмдерін жетілдіруге ықпал ететін ұсыныстарды әзірлеу, сот жүйесінде жемқорлыққа жол беретін бармақ басты, көз қысты әрекеттерді әшкерелеу және тыю. Сот мониторингі және әлеуметтік сауалнама судьялар жауапкершілігін арттыруға бірден-бір себепкер болады. Қызметке тағайындалар алдында әрбір кандидаттың аты-жөні газет беттеріне, Жоғарғы соттың сайтына шығарылып, халықтың сүзгісінен өтеді. Осы аталған шаралардың барлығы сот жүйесі жұмысын жақсартуға септігін тигізеді.
Жас қазақ: Жоғарғы сот төрағасының лауазымына кіріскеніңізге көп уақыт өткен жоқ. Төрағалық миссияңызды неден бастадыңыз? Не нәрсеге көңіліңіз толады, не нәрсеге толмайды? Осыны ашып айтсаңыз.
Бектас Бекназаров: Бұл сұраққа мардымды жауап қайтару үшін, екі үлкен бағытқа тоқталу керек. Сот жүйесін заманға сәйкес жетілдіру және кадр мәселесі. Біздің елімізде әлемдік стандартқа сәйкес келетін сот жүйесі құрылған. Бұл республикадағы сот жүйесінің уақыт талабына сай жұмыс істей алатындығын білдіреді. Ал енді сот жүйесінде кімдер қызмет етуде? Бұл – өз алдына бөлек, маңызды әрі күрделі мәселе. Қазақстанда барлығы 2141 судья қызмет етеді. Судьялар қауымдастығы негізінен, дені де, жаны да, ары да таза тұлғалардан құралған. Олардың көпшілігі өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Бұлай деп нақты айта алатыным, біздің елде заң үстемдігі жоғары тұр. Соттарда мыңдаған азаматтардың құқығы қорғалуда. Сотқа келіп түскен мыңдаған істер шешімін тауып, сот үкіміне сай кінәлілер жауапқа тартылуда. Алайда, осындай күрделі салада жүйені кері тартатын кемшіліктер де жоқ емес. Мен «әлемдік стандарттарға сәйкес келетін сот жүйесі құрылды» деп бекер айтқан жоқпын. Біз енді қалыптастырылған сот жүйесін тоқыратпауымыз керек. Яғни оның талапқа сай жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасау, сот істерін қарау тиімділігін арттыру – негізгі міндеттер. Есіңізде болса, 2010 жылы біз үш буынды сот жүйесіне өттік. Іс алғашында аудандық сотта қаралады, заңды күшіне енбеген сот актілері облыстық соттардағы екі алқада қаралып, ал заңды күшіне енген сот актілері Жоғарғы сотта тексеріледі деп үш сатыға арқа сүйедік. Республикада жыл сайын миллионнан астам істер қаралады. Бірінші сатыдағы соттар өздерінің шама-шарқы жеткенше барлық істі қарауға күш салады. Бірақ сол миллиондап қаралып жатқан істер бойынша «заңды сот шешімдерін шығаруда аталған сот жүйесі қаншалықты тиімді» деген сұрақ туады.
Сот іс қарау барысында қателік жіберсе, оның арты бітіспес дауға айналмас үшін, ол дереу түзетілуі керек. Алайда қазіргі күні қателікті неғұрлым тез түзету жолы ұзап кетті. Күшіне енген сот актілерін тексеру тек Жоғарғы соттың ғана құзыретінде. Ал еліміздің басты соты болса, республика бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың шағымдарымен түсіп жатқан мыңдаған сот актілерінің заңдылығын тексермек болғанымен, үлгере алмауда. Бұл жерде Жоғарғы сот судьялары заңды күшіне енген сот актілерін дұрыс қарап жатқан жоқ деген мәселе емес, көптеген сот актілерін қайта қарап, үлгере алмауында болып отыр. Бұрын облыстық соттарда қадағалау алқасы болды. Сол кездегі облыстық соттардағы қадағалау алқасы сот істері бойынша шығарылған актінің заңдылығын бірден тексеріп, қателерін тез арада түзеп отыратын. Ал қазіргі күні Жоғарғы соттың ондай мүмкіндігі жоқ, судьялардың саны да жетпейді. Сенсеңіз, қазір Жоғарғы сот әрбір судьясының өндірісінде тұрақты түрде 70-80-нен іс бар. Әрбір судья апта сайын жеке өзі 20-30 істі сараптап, алқада баяндайды. Ал енді осы істерді әуелі облыстық соттарда қарап, кемшіліктері болса, түзеп, Жоғарғы сотта тек осыдан соң ғана өзінің мәртебесіне сай аса күрделі істер бойынша сот актілері тексеріліп отырса, дұрыс болар еді. Қазіргі күні сот шешімімен келіспеген жандардың үлкен бір бөлігі облыстық сотқа апелляциялық немесе кассациялық тәртібімен шағымданбай, шешім заңды күшіне енген соң, бірден Жоғарғы сотқа келеді. Бұл аудандық сот пен Жоғарғы сотқа түсіп отырған ауыр жүктің көрсеткіші. Ал сот актісімен келіспейтін тараптарды облыстық соттағы сот алқаларына шағымдануға міндеттейтін заң жоқ. Міне, осы жағдайлар қазіргі күнгі үш буынды сот жүйесінің халыққа да, мемлекетке де тиімсіз тұстары бар екендігін көрсетеді. Аудандық және оған теңестірілген соттардың қабылдаған сот актілері облыстық соттарда қаралып, қателіктер дер кезінде жергілікті соттарда жойылып отырса, бұл өз кезегінде жалпы сот жүйесі беделінің жоғарылауына әсер етеді. Бұл мәселелерді мен Елбасыға баяндап бердім. Ол кісі ұсынылған ақпаратты зерделей келе, жергілікті соттардың әлеуетін толықтай пайдалану жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен қатар, Жоғарғы сот судьяларының санын нақтылау кажеттігіне де тоқталды.
Жас қазақ: Астанада өткен Қазақстан бас редакторларының 1-ші форумына қатысушылар: «Қазақстан 2010 жылы қабылдаған БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің ұсыныстарына сәйкес, жала жабу және ар-намысқа тиюді бұрынырақ еліміздің медиа қауымдастығы Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық кодекстерге ұсынған түзетулерге сәйкес декриминализациялау қажет» деген мәлімдеме жасады. Осы мәселеге қатысты Сіздің көзқарасыңызды білсек?
Бектас Бекназаров: Елбасы Н.Назарбаев: «сот жүйесін реформалаудың басты нәтижелерінің бірі – сот билігінің тәуелсіздігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа жоғары деңгейге жеткізу болуы тиіс» деп атап өткенді. Президент: «реформалар елімізде қалыптасып келе жатқан көзі ашық, көкірегі ояу азаматтық қоғамның пікірін ескере отыра жүзеге асырылуы тиіс» деп қадап айтты. Мысалға, еліміздің қылмыстық кодексіне 25.09.03 ж. №484-II және 18.01.11 ж. №393-IV заңдарымен өзгерістер енгізілді. Қылмыстық Кодекстің 129-бабына сай, жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату болып табылады. Жала жабу көпшiлiк алдында сөз сөйлегенде не көпшiлiкке таратылатын хабарламада, не бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу немесе адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу деп бөлінеді. Ал 130-бапқа келетін болсақ, қорлау дегеніміз басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту болып табылады. Жала жабу, қорлау мәселелерін қылмыстық емес, азаматтық сот өндірісі тұрғысынан қарау – еліміздің сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде ілгері қадам басу болар еді деген пікірлер де бар. Бұл сұрақ терең зерделеуді және байыппен шешім қабылдауды қажет етеді.
Жас қазақ: Бізде адамның жеке өміріне қатысты ақпаратты және фотобейнелерін жариялауға тыйым салынған. Ал қоғамда бұған қызығушылық көп. Осыған орай, Азаматтық кодекстің нормаларына дәйекті түзетулер енгізуге бола ма?
Бектас Бекназаров: Азаматтық құқық бойынша отандық заңнама мұндай сұрақтарға толыққанды жауап бермейді. Мысалға, ресейлік заңнамада қоғамдық орындарда жасалған фотосуреттерді жариялауға рұқсат етілген. Біздің заңнамада өкінішке қарай, мұндай іс-әрекет үшін жауапкершіліктің нақты шеңбері айқындалмаған. Бұл сұрағыңызды заң шығарушы орган өкілдері, депутаттарға қоюға болады.
Жас қазақ: Біздің елімізде журналистің құқықтарын қорғау үшін Ресейдегідей «Журналистің ерекше мәртебесі туралы» заң қабылдауға бола ма?
Бектас Бекназаров: Қазір айтамын деген дүние айтылып, жазамын деген нәрселердің барлығы жазылып жүр. Журналистерге еркіндік берілген. Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығына шектеу жоқ. Интернет сайттарымыздың қатары артып, ақпараттық кеңістік жаңа бұқаралық ақпарат құралдарымен толығуда. Жыл сайын теледидар, баспа және радио күні дәстүрлі түрде аталып өтілуде. Ел тұрғындарының мұңы мен зарын билік басындағыларға жеткізіп, мемлекет саясатын халыққа жан-жақты насихаттап, халық пен биліктің арасында үлкен көпір, дәнекер болып отырған отандық БАҚ-тың мәртебесі, әрине, жоғары болуы тиіс. Бұл сұраққа мемлекет тарапынан жіті көңіл бөліну қажет. «Жаһандану заманында ел мүддесін жоғары қоя алатын, қоғам үшін тәрбиелік мәні зор жұмысты атқаратын қаламгерлер қауымы барынша қорғалу қажет» деп санаймын. Бүгінгі таңда ұлттық журналистика саласында аянбай тер төгіп, жақсының жақсылығын, жаманның арамдығы мен заңсыздығын ашып айта алатын журналистердің әлеуметтік деңгейі, қауіпсіздік мәселелері заңмен реттелу қажет. Мұны енді, журналистер қауымы бір кісідей болып, осы мәселені көтеріп, қоғамның талқысына салып, халық қалаулыларына ұсынатын шығар. Ендеше, Қазақстан азаматы ретінде әрбір журналист Конституцияда белгіленген құқығы мен бостандығын сотта қорғауға құқылы.
Жас қазақ: Ұлт, мемлекет мұратына қызмет ету дегенді қалай түсінесіз? Сіздің өмірлік ұстанымыңызды білуге бола ма?
Сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибем аз емес деп есептеймін. Еңбек жолымды сот орындаушысы қызметінен бастадым. Судья ретінде әрбір қараған ісің оңды аяқталса, әділдік іздеп, сотқа жүгінген жандар шығарылған шешімге көңілі толса, бұл жаныма үлкен демеу береді. Ал енді Жоғарғы сот төрағасы ретінде маған қазір халықтың зор үміті жүктелуде. Бұл орайда, судьялардың таза болуын, адал қызмет атқаруын қатаң қадағалауға тиістімін. Бір сөзбен айтқанда, Елбасы мен халықтың сенімін ақтау – басты міндетім. Жалпы, судьялар өмірі шектеулерге толы. Тәртіп қатаң. Тура биде туған жоқ десе де, әрине, тума-туыссыз адам болмайды. Бірақ, бұл жерде судья өзіне мемлекет тарапынан жүктелген зор жауапкершілікті сезіне отыра, туыстық қарым-қатынасқа да заң тұрғысынан қарай білгені жөн.