«Әділдік ұлықталды», «Заң газеті», 27.10.2011ж.
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВҚА
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Бектас БЕКНАЗАРОВҚА
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Абай РАХМЕТУЛЛИНГЕ

Қазақтың «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деген аталы сөзі бар. Дәл бүгін осы игі істі атқару соттың иығына түскендей. Кеңес өкіметі кезінде жұртшылық өздерінің арыз-шағымдарын партия, атқару, кәсіподақ комитеттеріне айтатын. Енді әділдік іздеген адамдар сотқа жүгінетін болды.
Даналар байырғыдан қоғамдағы сұрапыл дерттің барлығы әділетсіздіктен деп баса айтқан. Шынымен, адам – пенде, ол қызғаныш, бәсекелестік, жарыс, құмарлық сияқты қасиеттерден еш арылмайды. Ал, осынау табиғи жаратылысындағы дүниелердің санадан асып, бауырдан басып кетпеуі үшін жоғары құндылықтар ежелден белгілі. Олардың негізгісі деп әділеттілікті білеміз. Тек әділдікке шақыру арқылы адамдар ортақ тоқтамға, ымыраға келе алады. Бірақ, тек мәселенің әділ шешілуі кезінде ғана әр тарап өзін (яғни, өзінің тұрпатын) сақтап қалуы мүмкін.
Сотқа адамдар еріккеннен емес, кейбір тоңмойын шенеуніктер тарапынан көрген зәбіріне араша сұрап, әділдік іздеп келеді. Сан соғып алданғандар, шындық іздеп шарқ ұрғандар ақиқатқа араша болады деп сеніп келеді. Әділ шешім қабылдап, үкім шығаратын әрбір судья халық сенімін ақтау жолында еңбек етеді. Алайда, жұртшылық орынсыз өкпе білдіріп, істі дұрыс қарамағандығын айтып, сот қызметкерлеріне реніш те білдіріп жатады. Соттың міндеті тек жазалау емес, әділ шешім шығарып, аяғын шалыс басып адасқандарға қол ұшын созу, тәртіпке салып, тәрбиелеу. Ұлы ойшыл Аристотель «Әлемді заң билеуі керек» деген екен. Ендеше, заң болған жерде тәртіп болары сөзсіз.
Біз осыны өз басымыздан өткіздік. Кеңес өкіметі тарап, барлық нәрсе жекенің қолына өткенде біздің ОҚО, Шымкент қаласының Торлан елді мекеніне қарасты «Ынтымақ» өндірістік кооперативі құрылып, сонда істеген барлық ұжым мүшелеріне пайға жер бөлінген болатын. Ұжымның басшылары ауысып, сол өзімізге тиесілі жер телімінен айырылып қалдық. Сонда да қазақы кеңпейілділікке салып, «Алла жеткізеді» деп отыра бердік. Алайда, «неге біз бала-шағамыздың несібесін көрінгеннің уысына ұстатамыз, құқығымызды қорғайық» деп шешіп, істің ақ-қарасын анықтауға кірісіп шағымданғанда сенімсіз болдық. Алайда, Сіздердің басшылықтарыңызбен жұмыс істеп отырған Абай аудандық сотының судьялары істің ара-жігін ажыратып, соңғы нүктесін қойды.
Абай аудандық сотының судьясы Сержан Айнабеков, әл-Фараби аудандық сотының судьясы Ботакөз Сегізова, облыстық соттың судьялары Ақмарал Қалдарова, Аида Чокморова өздерінің білімділігінің арқасында заң талаптарын дұрыс пайдаланып, әділ шешім шығарды.
Судья үшін әрбір қаралған істің нүктесін қою ешқашан да оңайлыққа түспейді, әр заманда солай болған және солай болады да. Судьяның қабылдаған шешімі, әрине, дауласкер жақтың бірінің көңілінен шықса, екінші жеңілген жағы сот шешіміне риза болмайтыны белгілі жағдай. Бірақ, шыққан шешім заңға сәйкес әділ болса, өз арыңның алдында да таза болып, ешкімнен де ұялмайсың. Судьялардың өмірдегі алдына қойған ұстанымдары әділеттіктің салтанат құруы, қолдан келгенше азаматтарға заң аясында көмек көрсету екен, біз осыны түсіндік.
Ел басқару, халыққа билік айту оңай емес. Тағы да айтып өтейік, сотқа келіп жүгінген екі жақтың бірі бәрібір риза болмай кетуі әбден мүмкін. Өйткені, олар сотқа «өздерінікі дұрыс» деп санағандықтан жүгінеді ғой. Сондықтан, судьялар әрбір істі қарағанда оның астарында адам тағдыры, оның көңілін күпті еткен толғақты мәселе тұрғанын біледі. Өйткені, ел соттан қандай жағдайда да тек әділ шешім күтеді.
Әділдік жолы ауыр, оны табу қиын. Біреулердің ақылы жетпесе, басқалардың мүмкіндіктері мен шыдамдылығы жетпейді, ал, кейбіреулер өз құлқынының құлы болып, әділ шешімнің аяқасты қалуына себеп болып жатады. Әділдік адамнан үлкен жауапкершілікті, тыңғылықты жұмысты, зерделік пен парасаттылықты, адалдық пен ұстамдылықты, көрегенділікті талап етеді екен, әділдікке жетер жолда біз осыны ұқтық.
Құрметті ЕЛБАСЫ!
Мұндай ел арасындағы халықтың сотқа деген сенімі күшейіп жатса, ол Сіздің әділ үкім шығаратын соттарды дұрыс таңдауыңыздың, тағайындауыңыздың арқасы деп білеміз.
«Әрбір судья өзінің барлық қызметінде келеңсіз мінез-құлықтан аулақ болуы керек. Өз қызметіне адал, заңды бұлжытпай орындауы, оларды қадірлеуі және сотқа деген қоғамдық сенімді ақтайтындай ұстауы, өзінің кәсіби біліктілігі мен моральдық тұрғыда тұрақты, сабырлы, әдепті, кішіпейіл болуы қажет», – деп әрбір сөзіңізде айтып отыруыңыздың арқасы.
«Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» демекші, құлқынының құлына айналғандарды бүкіл саналы ғұмырын сот ісіне арнап, тәжірибесі мен білімін әділ төрелікті қамтамасыз етуге жұмсап келе жатқандармен шатастыруға болмайды. Отанын сүйген, ел алдындағы борышын түсінген судьялар ешқашан да ар-ұяттан аттап, сот беделіне селкеу түсірмейді.
Елімізді алып елу елдің қатарына қосу мақсатында бағдарлы жұмыс жасап отырған Елбасымызға, әділ шешім шығаруда әділ төрелік етуге мұрындық болып отырған Жоғарғы Сот төрағасына, берілген тапсырманы адам құқығын жоғары қоюмен ұштастыра еңбек етіп отырған облыстық сот төрағасына және Абай, әл-Фараби, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына алғысымыз шексіз. Әділдік – жоғары құндылық. Ол арқылы шешілген шешім соңғы және жалғыз. Әділдіктің екеу болуы мүмкін емес. Сол себепті Әділдіктің өмірі де шексіз.
Әділдікке қол жеткізген 374 адамның атынан.