08.12.2009
Ақтөбе қалалық №2 сотының үкімімен Өзбекстаннан құбырларды ұрлауды ұйымдастырушылар мен қылмыс орнынан қашып кеткен 8 көлік жүргізушісі сотталды.
Қалған көлік жүргізушілері Өзбекстан Республикасының шекара қызметімен ұсталған болатын. Аталмыш оқиғадан соң Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен тұтқындалған Ж.Байманов пен Т.Тақамбетов іс материалдарына сай, қылмыстық іс-әрекеттерді ұйымдастырушы ретінде кінәлі танылды.
Ж.Байманов пен Т.Тақамбетов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, «Узтрансгаз» АҚ-ның меншігіндегі көп көлемдегі құбырларды ұрлау мақсатында қылмыстық топты құрған. Осы жоспардың мақсаты-13 млн. теңгеге бағаланған құбырларды ұрлау болатын. Көршілес елдің аумағындағы 1 461 метр құбырды ұрлап алып шыққаны үшін ұйымдастырушылар көлік жүргізушілеріне 30-40 мың теңгені уәде етіп, жолға 25 арнайы жүр таситын көлік, 2 жүк көтергіш кран, құбыр кесуге арналған құрылғыларды алып шығады.
Сот Ж.Байманов пен Т.Тақамбетовты жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отыра 7 мен 5 жылға бас бостандығынан айырды. Өзбек шекарашыларынан қашып құтылып, қазақстандық сот алдында жауап берген 8 көлік жүргізушісі мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға шартты бас бостандығынан айырылды.