Фотогалерея

08.09.2010  
Қостанайлық судьялар «Дельфин» балалар үйіне мереке әкелді

08.09.2010  
Жариялылыққа тағы бір қадам

07.09.2010  
Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі семинар

07.09.2010  
Полиция озбырлығы

07.09.2010  
«Алқабилер соты- демократияның жаңа институты»

06.09.2010  
И.И Рогов Жоғарғы Сот Төрағасына алғысын білдірді

06.09.2010  
ҚР Судьялар Одағының VI спартакиадасы өз мәресіне жетті

06.09.2010  
«Алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесстерін ұйымдастырудың күрделі мәселелері» тақырыбындағы «дөңгелек стол» өтті

06.09.2010  
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

06.09.2010  
Ақмола облыстық соты аймақтық семинарлардың маңыздылығын арттыруда

02.09.2010  
Алқабилер сотының мәселелері

02.09.2010  
«Кемелденген Елдің – кемелденген Ата Заңы»

02.09.2010  
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына

02.09.2010  
Конституция қарсаңында ант қабылдады

02.09.2010  
Судьяларды марапаттады

02.09.2010  
Байқау жүлдегері Сарыағаштың судьясы

01.09.2010  
2010 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдық мерекесіне орай Қарағанды облыстық соты «Жастар» спорткешенінде спартакиада ұйымдастырды

31.08.2010  
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу

27.08.2010  
Басты басымдық азаматтар құқының қорғалуы

27.08.2010  
Облыстық сот төрағасының аудандарға сапары


Хабарландыру
Нақты сот істері бойынша заңсыз өтініш жасау фактілері туралы ақпарат

Тірек сөздер
Нақты фраза

Жаңалықтарға жазылу
Авторлық ену
Логин:
Пароль:
Өз пароліңізді ұмыттыңыз ба?
Тiркелу

        
Дс Сс Бс Жм Сн Жс
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3






Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы Берлинде талқыланды

07.12.2009

7-8 желтоқсанда Берлин қаласында «Қазақстан Рес¬публикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы 2010-2020: құқықтық және сот реформасы саласындағы тұрақты даму» атты халықаралық конференция болып өтті. Қазақстан Жоғарғы сотының төрағасы Мұсабек Әлімбеков бастаған еліміздің судьялар делегациясы сот жүйесін реформалау, азаматтық әкімшілік заңдылықты одан әрі жетілдірудің жалпы мәселелері, техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен одан әрі ынтымақтасу жолдары туралы мәселелерді талқылауға қатысты.

Бұл оқиғаның бірегейлігі сол, қазақстандық бағдарламалық құжат тұңғыш рет шетелде талқылау мәртебесіне ие болды. Форумда құттықтау сөз сөйлеген «Орталық Азия елдерінде сот құқық реформасын қолдау» GTZ жобасының жетекшісі, доктор Хирбод Аминлари, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Рогов, Қазақстанның Германиядағы елшісі Нұрлан Онжанов өз пікірлерін ортаға салды. Қатысушыларға арнап сөз кезегін алған Мұсабек Әлімбеков бұл форум Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты мен Техникалық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы арасындағы байланыстың жемісті нәтижесі екенін атап айтты. Ол неміс әріптестеріне біздің еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мен дамытуға қосып отырған үлесі үшін алғысын білдірді.

Конференция жұмысы бес сессия бойынша өтті. Алғашқы сессия кезінде Қазақстандағы құқықтық және сот реформасының жалпы мәселелері талқыланды. Ал Игорь Рогов болса, Құқықтық сая¬сат тұжырымдамасының негізгі бағыттарына тоқталды. ҚР Парламент Сенатының Заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі комитетінің төрағасы Берік Имашев «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары жүйесін жетілдіру туралы» баяндама жасады. ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоганн Меркель Тұжырымдама ережелеріне сәйкес прокурорлық бақылаудың болашағы жайлы айтып өтті.

Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Әлімбеков Құқықтық саясат тұжырымдамасының талаптарына сәйкес Қазақстандағы сот жүйесінің даму үрдістерін атап айтты. «Тұжырымдама ережелерін жүзеге асыру және реформаларды жүргізу барысында Қазақстандық сот билігі, өзін адамның құқықтары мен еркіндігін қорғауға қабілетті тұрақтандырушы фактор, әлеуметтік шиеленістерден қоғамды қорғай алатын жүйе ретінде дәлелдей алды», – деді. «Еліміздегі сот-құқық жүйесінің одан әрі дамуындағы негізгі бағытты соттар мен судьялардың мамандану және біліктілік дәрежесін барынша өрістетуге байланысты көріп отырмыз», – деді М.Әлімбеков. Сондай-ақ, ол әкімшілік юстицияны жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Әкімшілік іс жүргізу кодексін қабылдауды жеделдетудің қажеттігін атап айтты. Мұндай жаңа толыққанды заңнама азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттік аппаратпен қарым-қатынасы жөніндегі құқықтарын тұтастай қорғауды тиімді қамтамасыз ете алатын жаңа форматтағы әкімшілік соттарын құруға негізделген. Қазақстанның Жоғарғы сот органының басшысы атап өткендей, республика судьяларының өз міндеттеріне қатыссыз жұмыс уақытының 66 пайызына дейін алатын техникалық жұмыстан босату үшін азаматтық іс жүргізу заңдылығын толықтай қайта қарау қажеттілігі туып отыр.

Заңдарды жетілдіру ісі ең алдымен азаматтардың гүлденуі мен өркениетті қалыптасуына бағытталған. Асыра сілтеуге, заңды бұза отырып лауазымды тұлғалардың өзіне қолайлы жағдайлар жасауға себеп болатын заң ережелері жойылуы тиіс.

Жоғарғы соттың басшысы, сондай-ақ, қылмыстық іс жүргізу заңдылығының мәселелерін де бей-жай қалдырған жоқ. «Қылмыстық іс

жүр¬гізу кодексінде қорғаушының қылмыстық сот өндірісіне қатысуына жаңа бетбұрыс жасауды, айыпталушының құқығын қорғау деңгейін арттыру, сот өндірісін барынша кәсібилендіру, әділ сот жүйесіне кепілді түрде қол жетімділік ұстанымын қамтамасыз етудің принципті жаңа бастауларын жасау қажет», – деп атап өтті сот басшысы. Сондай-ақ, адвокаттардың сотқа дейінгі тергеу барысындағы өкілеттілігін кеңейту жөнінен де бірқатар қадамдар жасалып жатыр.

Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда бүгінде сот жүйесі тұрақты түрде жетілдірілу үстінде. Осы тұрғыда М.Әлімбеков шетелдік соттардың бай тәжірибесін зерттеп, пайдаланудың бірегей мүмкіндігін атап айтты. «Еуропа елдерінің, соның ішінде Германияның сот жүйесімен барынша жақын танысу біздің көзқарасымызды өзгертуге, жүйені жаңа идеялармен байыта түсуге мүмкіндік береді», – деді Жоғарғы сот төрағасы.


Тiзiмге қайту

 
 
 
 
       
 
           
 
 

Copyright © , Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2008