20.12.2009
Тәуелсіздік күні қарсаңында Алматы облыстық сотында мерекелік салтанатты жиын болып, төраға Мейрамбек Таймерденов ұжымды мерекелерімен құттықтады.
Сот төрағасы облыстық және аудандық соттарда қызмет істеп жүрген, ерен еңбек үлгісін көрсеткен судьялар мен қызметкерлерге мемлекеттік нагрдалар, сондай-ақ түрлі көтермелеулерді тапсырды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Іле аудандық сотының судьясы Галина Добросердова, Жоғарғы Соттың Құрмет грамотасымен облыстық соттың судьясы Нұриба Бейсенова, «Сот жүйесінің құрметті қызметкері» төс белгісімен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ерхан Тотыбай-тегі марапатталды.