22.12.2009
Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайында» мемлекеттік қазақ тілін дамытуға айтарлықтай үлес қосқандарға арналған «Тіл жанашыры – 2009» салтанатты рәсім өтті. Қазылар алқасының шешімімен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы Мұсабек Әлімбеков «Тіл жанашыры – 2009» құрмет белгісімен марпатталды. Осындай құрметке Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрықбаев, Төлебай Қожан, Жоғарғы Соттың Аппарат басшысы Жазбек Әбдиев те ие болды.
Республикалық дәрежеде өткізілген бұл іс-шараны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл жөніндегі комитеті және «Тіл» журналы мен «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.