09.12.2009
Петорпавел қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыс соттарына арналған оқыту орталығы жемісті жұмыс істеуде. Орталықтың мақсаты – сот корпусының біліктілігін үздіксіз жетілдіру, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын, тәртіптілігін арттыру.
Петропавл қалалық сотының ұйымдастыруымен өткен «Алқа билердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау» тақырыптық семинардың бір ерекшелігі – сот процесін белгілі бір рөлді ойнау арқылы тартымды көрсете білу. Оның жұмысына судьялар және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Олардың сұрақтарына облыстық соттың судьясы Г.Л.Бондаренко жауап берді.
Оларды негізінен, алқабилерге лайықты кандидаттардың саны, оларды іріктеу кезінде қойылатын талаптар, алқабилеріне өткен кандидаттар сот процесіне келмей қалған жағдайында не істеу қажеттігі жайлы мәселелер қызықтырды. Семинарға қатысушылар, сондай-ақ алқабилердің қатысуымен қылмыстық істі қарау процесінде берілген рөлді ойыну арқылы көрсетуде шеберлік танытты.