Фотогалерея

08.09.2010  
Қостанайлық судьялар «Дельфин» балалар үйіне мереке әкелді

08.09.2010  
Жариялылыққа тағы бір қадам

07.09.2010  
Авторлық және сабақтас құқықтар жөніндегі семинар

07.09.2010  
Полиция озбырлығы

07.09.2010  
«Алқабилер соты- демократияның жаңа институты»

06.09.2010  
И.И Рогов Жоғарғы Сот Төрағасына алғысын білдірді

06.09.2010  
ҚР Судьялар Одағының VI спартакиадасы өз мәресіне жетті

06.09.2010  
«Алқабилердің қатысуымен өтетін сот процесстерін ұйымдастырудың күрделі мәселелері» тақырыбындағы «дөңгелек стол» өтті

06.09.2010  
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті

06.09.2010  
Ақмола облыстық соты аймақтық семинарлардың маңыздылығын арттыруда

02.09.2010  
Алқабилер сотының мәселелері

02.09.2010  
«Кемелденген Елдің – кемелденген Ата Заңы»

02.09.2010  
Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына

02.09.2010  
Конституция қарсаңында ант қабылдады

02.09.2010  
Судьяларды марапаттады

02.09.2010  
Байқау жүлдегері Сарыағаштың судьясы

01.09.2010  
2010 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдық мерекесіне орай Қарағанды облыстық соты «Жастар» спорткешенінде спартакиада ұйымдастырды

31.08.2010  
Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін мерекелеу

27.08.2010  
Басты басымдық азаматтар құқының қорғалуы

27.08.2010  
Облыстық сот төрағасының аудандарға сапары


Хабарландыру
Нақты сот істері бойынша заңсыз өтініш жасау фактілері туралы ақпарат

Тірек сөздер
Нақты фраза

Жаңалықтарға жазылу
Авторлық ену
Логин:
Пароль:
Өз пароліңізді ұмыттыңыз ба?
Тiркелу

        
Дс Сс Бс Жм Сн Жс
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 1 2 3






Көкшетау: судьяларға арналған корпоративтік басқаруға байланысты дауларды шешу жөнінде семинар өтті

24.12.2009

Ақмола облыстық соты бүгінгі күннің экономика саласындағы өзекті мәселеге айналып отырған корпораптивтік дауларды шешу мәселесі және «Акционерлік қоғам туралы» заңнаманы қолданудаға бағытталған семинар өткізді. Семинар облыстық соттың оқу орталығы ұйымдастырды және Жоғарғы Сот бастаған білім беру бағдарламасының жалғасы болып табылды.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Ақжан Ештай семинарға қатысушыларға жолдаған сөзінде «бүгінде мемлекетке ірі салық төлеушілер, әрі халықты жұмыспен қамтуда аса маңызды орынға ие корпоративтік сектор мемлекет экономикасының өндірушілік әрі қызмет көрсетудегі ең негізгі қозғаушы күші болып табылатындығын» атап айтты. Оның сөзінше корпоративтік заңнаманың принциптерін заң шығарушылар тоқсаныншы жылдарда-ақ анықтаған. Сол жылдары шығарылған корпоративтік заңнаманың қағидаттары бүгінгі күннің күрделенген экономикалық қатынастарына толық дәрежеде сәйкес келе бермейді және онда халықаралық корпоративтік құқық пен корпоративтік басқару қағидаттары көрініс таппаған, ал жекелеген заңнамаларға жасалған өзгерістер бұл проблеманы толық қанды шешіп бере алмай отыр. Дер кезінде шешімін таппаған корпоративтік даулар мен жанжалдар тек қана тар ауқымдағы компания мүдделеріне ғана әсер етіп қоймайды, ол тұтастай ел экономикасының дамуына кері әсерін тигізетіндігі белгілі. Оның соңы кәсіпорындар жұмысының тоқтап жабылуына, жұмыс орындарының азайуына, мемлекет бюджетіне салықтың түспеуіне әкеліп соғады. Басқа да жағымсыз зардаптар шектіреді.

Семинарда Жоғарғы Соттың 2008 жылғы 10 шілдедегі пленарлық отырысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерне қатысушылар арсындағы корпоративтік дауларды шешуде Заңнаманы бірыңғай қолдану мақсатында нормативтік қаулы қабылданды. Қазіргі кезде акционерлік қоғам туралы заңнаманы қолдану мәселесі бойынша нормативтік қаулы әзірлену үстінде. Бұл мәселеде судьялар қауымдастығының алдында шешімін табатын бірқатар маңызды міндеттер тұр.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы Анарбек Рамазанов семинарға қатысушыларды акционерлік қоғам туралы заңнаманың тарихы, акционерлік қоғамдардың пайда болуы және ол жөніндегі заңнамалардың дамуы жайлы кеңірек тоқталды.

А.Рамазанов өзінің сөзінде «акционерлік қоғамның нысаны түрлі салада неғұрлым кең және жанжақты қолданылады. Акцияны шығару және орналастыру дұрыс жағдайда эономиканы дамытуға көптеген тұлғалардың капиталын инвестициялауға мүмкіндіктер береді. Бұл капиталдар келешекте ірі кәсіпорындарды және кәсіпкерліктің өзге түрлерін дамыту үшін нақты қаржылық базаны құрайды. Акционерлер өзінің кезегінде салған капиталына қосымша табыс алуға мүмкіндік алады. Акцияның әмбебап сипаты, жоғары өтімділікті иеленуші акционердің өзінің қаржылық жолымен бұл қағаздарды сатуды жеңілдікпен игеруіне мүмкіндік тудырады. Акцияны бағалы қағаз жүзінде ұсыну – капиталды бір саладан басқа салаға аударудың үйреншікті тәсілі. Мұның өзі нарықтық жағдайдағы экономиканы табиғи реттеу болып табылады. Мұның барлығы да кәсіпкерлік нысандағы акционерлікті және соған сәйкес құқықтық базаны жетілдіруді дамытудың қажеттілігін көрсетеді.

Семинар барысында «Акционерлік қоғам туралы» Заңды қолданудағы сот тәжірибесі, жалпы жиналыстың шешіміне келіспей дауласу, акционерлік қоғамның қызметін мемлекеттің қатысуымен құқықтық реттеудегі ерекшеліктер, қоғамның акциясымен мәмлелер жасасу бойынша заң қолданудағы, қоғамды қайта құруға байланысты дауларды қараудағы проблемалар және тағы басқа мәселелер талқыланды.


Тiзiмге қайту

 
 
 
 
       
 
           
 
 

Copyright © , Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2008