30.12.2009
Ақмола облыстық сотының төрағасы Ақжан Ештайдың атына Қанат Шигитаевтан алғыс хат келіп түсті. Онда ол өзінің, сенімді өкілі Украин азаматы З. Осипенконың 2005 жылы 23 шілдеде жол апатынан қайтыс болған қызы Т. Малакеева атынан облыстық соттың судьяларына ризалық білдірген.
Ол қайтыс болған соң артында Зеренті кентінде жылжыматын мүлігі қалған болатытын. Бұған дейін Малакеева Италия азаматы А. Матеусимен некеде тұрған. Некелескен уақыттан бері екі балалары болған. Осы қайғылы сәтті пайдаланып кеткісі келген Қазақстан азаматы А. Тұлымбаев қайтыс болған Т. Малакеевға қарсы Зерендідегі үйді сату сатып алу жөніндегі мәмілені тану туралы талап арыз берген. Зеренді аудандық сотының судьясы Ыдырысов процессуалдық заңдылықты және материалдық құқықтың нормасын өрескел бұзып, оның талап арызын қанағаттандырған. Қ. Шигитаев алғыс хатында:
«Ақмола облыстық сотының қадағалау алқасының судьялары Қымбат Көміртасова, Сәуле Сақтағанова, Венара Сейтімова, Наталия Шелемова істегі материалдың мән-жайын әбден зерделеп, мұқият қарап, сіздің төрағалық етуіңізбен Зеренді аудандық сотының шешімін бұзған әділетті және нақты шешім шығарғаныңызға алғыс білдіреміз» деп, судьяларға, олардың халық үшін әділдікпен атқарып жүрген жауапкершілігі өте ауыр еңбектеріне құрмет көрсеткен.