30.12.2009
25 желтоқсан күні Жамбыл облыстық сотының конференц залында жетпіс жылдық мерейтойға арналған салтанатты жиын өтті.
1939 жылы 3 қарашада Қазақ ССР-нің Жоғарғы Кеңесі Президумы облыстық халық юстициясы бойынша Жамбыл облысы және Жамбыл облыстық сотын құру туралы қаулы қабылдады. Сол құрылған уақыттан қазірге дейін Жамбыл облыстық соты Қазақстандағы сот жүйесінің бөлінбейтін бір бөлігі ретінде дамудың үлкен жолынан өтті.
Салтанатты іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері құқық қорғау органдарының және атқару органдарының өкілдері шақырылды.
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Нұрғожа Шиняев осы соттың тарихы, онда қызмет істеген кісілердің тағылымды ісі, өнегелері туралы айтып, ардагерлерді мерейтоймен құттықтады.
Облыстық соттың ұжымын Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев құттықтады. Ол облыс әкімінің Құрмет грамотасын облыстық соттың судьялары Эдуарт Иовов пен Ғазиза Мұсабековаға, сондай-ақ, Тараз қаласы №2 сотының судьясы Гүлнәр Сыздықоваға тапсырды. Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Әбдінұр Асылбеков мерейтойға арналған өздерінің құттықтауларын мәслихат грамотасымен мығымдады.
Салтанатты мерекеде облыстық соттың әр жылдардағы тарихи фото құжаттары көрсетілді.
Ең үлкен сыйлық, облыстық соттың жаңадан салынға ғимараты ерекше қуаныш әкелді. Судьялар қауымдастығы үшін жаңа ғимараттың ашылуы, оны аралап көрудің өзі есте қалар үлкен ғанибет болды.