05.01.2010
Павлодар қаласында сот жүйесінің қызметін оңайлатып, қол жетімді ету мақсатында, областағы барлық аудандық, қалалық соттардан web-сайттар ашу жұмыстары тыңғылықты жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі күні Павлодар қаласының Мамандандырылған әкімшілік соты мен мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында web-сайттар ашылды. (www.smas.pavlodarsot.kz, www.smes.pavlodarsot.kz).
Енді азаматтар мен қатысушылар қажетті мәліметтер алу үшін кеңсе мен соттарға баруға міндетті емес. Қажетті, қарастыруға тағайындалған істер тізімі мен олардың шешімдері, сонымен қатар, басқа да қызықтыратын мәліметерді санаулы секундтарда тиісті сайттарға кіріп еркін алуына әбден мүмкідік бар.